9 ҚЫРКҮЙЕК – 11 ҚАЗАН НӘТИЖЕЛЕРІ

9 ҚЫРКҮЙЕК – 11 ҚАЗАН НӘТИЖЕЛЕРІ
15.10.2024

Осы кезеңде адвокат қоғамдастығы сапалы заң көмегіне қолжетімділікті арттыруға және адвокат тәжірибесінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар мен бастамаларға белсенді қатысты.

11 қыркүйек:

  • РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі (ҒКК) Әкімшілік-процестік кодексінің 136-бабына өзгерістер енгізу туралы ұстанымды бекітті. Әділет министрлігі бұл баптың сотқа дейінгі мерзімге байланысты азаматтардың сотқа жүгіну конституциялық құқығын шектейтініне алаңдаушылық білдірді.
  • РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев 1999 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіріп келе жатқан Еуропа Кеңесінің ұйымы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте ГРЕКО сарапшыларымен кездесті.

16 қыркүйекте РАА төралқасы:

  • Жеткілікті негіздердің жоқтығына байланысты Ақмола облыстық адвокаттар алқасы адвокат Д.С.-ға қатысты Ж.З.-ның шағымын қанағаттандырудан бас тартты.
  • Адвокаттар алқаларына РАА қолдауымен заң көмегін туралы келісімдер жасау бойынша вебинарлар өткізу ұсынды.
  • 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҒКК есебін бекітіп, комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс енгізді.
  • ҒКК-не лицензиясының қолданылуы тоқтатылған тұлғаларды алқа мүшелігіне қабылдау туралы ұстанымды әзірлеуді тапсырды.
  • ҚР «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы» Заңның 60, 72, 73 баптарының талаптарына сәйкес келмегендіктен аталған Заңның 74-ші бабына негізделіп А.А.-ны адвокаттар алқасынан шығару туралы Түркістан облыстық алқасының жалпы жиналысы шешімінің күшін жойды. Түркістан облыстық алқасының төралқасы мен тәртіптік комиссиясының төрағаларына іс бойынша түсініктемелер мен барлық материалдарды ұсыну тапсырды.

17 қыркүйек:

  • РАА төрағасы Айдын Бикебаев ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының тұсаукесеріне қатысты.

19 қыркүйек:

  • РАА баспасөз конференциясы өтті, онда Қазақстанның адвокат қоғамдастығын толғандыратын өзекті мәселелер айтылды. Негізгі назар заңнамалық мәселелерге, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудегі техникалық қиындықтарға, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби қызметіне кедергі келтіру жағдайларына аударылды.

23 қыркүйек:

24 қыркүйек:

  • РАА Төрағасы Айдын Бикебаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық кеңесінің отырысына қатысты, онда шет мемлекеттерде сот өкілдігі институтын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

26 қыркүйек:

  • РАА Төрағасы Айдын Бикебаев пен оның орынбасары Игорь Вранчев алқабилер сотының даму перспективаларын талқылаған «Алқабилер сотында мемлекеттік айыптауды қолдаудың өзекті мәселелері» (сілтеме) атты мемлекеттік айыптаушылардың ІІ Республикалық форумына қатысты, онда қылмыстық процесте тараптардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

27 қыркүйек:

  • РАА төрағасы Айдын Бикебаев Игорь Роговтың төрағалығымен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты, онда адвокаттардың құқықтық кепілдіктерін кеңейту және заң көмегін автоматтандыру мәселелері талқыланды.

30 қыркүйек:

2 қазан:

4 қазан:

4 қазан:

  • РАА төрағасы Айдын Бикебаев Судьялардың IX съезіне қатысты. Съезді ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейтін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық соттар құрылатынын және Жоғарғы Сотқа түсетін жүктемені азайтып, оның назарын біркелкі сот тәжірибесін қамтамасыз етуге жұмылдырылатынын мәлімдеді. Съездің негізгі мақсаттары жаңа судья әдебі кодексін қабылдау және судьялар одағы органдарының жаңа құрамын сайлау болды.
  • Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокат Қ.Т.-ға қатысты Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының 2024 жылғы 22 шілдеде қабылданған шешіміне А.Н.-ның шағымын, сондай-ақ адвокат Х.Б.-ға қатысты Павлодар облыстық адвокаттар алқасының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімі бойынша А.Ж.-ның шағымын, және Алматы облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының мүшесі адвокат Т.Е.-ге қатысты Т.А.-ның шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.
  • РАА төрағасы Айдын Бикебаев пен төрағаның кеңесшісі Аманжол Мұхамедьяров Сот әкімшілігі ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты, онда Қазақстандағы сот әкімшілігін дамыту стратегиясы талқыланды. Қатысушылар қатарында мемлекеттік органдардың басшылары, Сот әкімшілігінің халықаралық қауымдастығының президенті Л.М. Пальма және сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның төрағасы Ф.Депаскуаль болды.

5 қазан:

  • РАА Алматы қаласында Алматы қаласы адвокаттар алқасының қолдауымен «Кәсіби сот өкілдерінің бірыңғай ұйымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Академик Майдан Сүлейменов модератор болды. Баяндамашылар біртұтас ұйым құру қажеттілігін, мұндай одақтың қауіп-қатері мен пайдасын талқылады. Дөңгелек үстелдің бейнеролигін RKA YouTube арнасында көруге болады.

8 қазан:

10 қазан:

10 қазан

  • РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару Кодекстер оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты.

11 қазан:

  • Адвокатураның тәртіптік комиссиясы әрекетінде тәртіптік бұзушылықтың болмауына байланысты Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Д.Қ.-ға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.
  • РАА төрағасының ұсынуы бойынша РАА төралқа мүшесі адвокат Ж.Н.-ға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
  • Сондай-ақ РАА төрағасының ұсынуы бойынша Павлодар облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат А.Д.-ға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданды.

Жалпы нәтижелер:

9 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 251 хат пен 86 шағым қаралды.

РАА Төрағасы адвокаттық қызметтің өзекті мәселелерін шешу үшін адвокаттармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.