home-img Адвокаттар алқасы туралы Республикалық адвокаттар алқасы туралы

Республикалық адвокаттар алқасы туралы

Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.


РАА мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар мен адвокаттар алқаларының мүдделерін білдіру және қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әрекет етеді.


РАА–ның негізгі миссиясы - адвокат кәсібінің құрметті, қорғалған, жоғары ақылы, тәуелсіз және нақты іс жүргізу және институционалдық мәртебеге ие болуы үшін оны биліктің барлық деңгейлерінде елдің барлық адвокаттарының мүдделерін алға жылжытуға және құқықтарын қорғауға қабілетті ұйым ретінде қалыптастыру.


РАА 2012 жылғы 23 маусымда құрылды, оның құрылтайшылары Қазақстанның барлық аумақтық адвокаттар алқалары болып табылады.


Бүгінгі таңда РАА 20 аумақтық адвокаттар алқасының құрамына кіретін 6200 адвокаттың мүдделерін қорғауда.

Алқа жұмысының принциптері
balance

Қызметтің ашықтығы, есеп берушілік, өз мүшелері алдындағы жауапкершілік

balance

Дербестік

balance

Шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделділік

balance

Алқаның барлық мүшелерінің тең құқылығы

АЛҚА ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
    •  Қазақстан Республикасының Адвокаттық қоғамдастығын шоғырландыру
    • Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда аумақтық алқалар мен адвокаттардың мүдделеріне өкілдік ету және қорғау
    • Адвокаттық қызмет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын біркелкі қолдану жөнінде шаралар қабылдау арқылы адвокаттар көрсететін заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету
    • Адвокат кәсібінің беделін арттыру, адвокаттық қызметтің ұйымдық-құқықтық негіздерін, адвокаттардың Әлеуметтік және құқықтық қорғалуын нығайту
    • Адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің танылған халықаралық қағидаттарын, адвокаттардың кәсіби мінез-құлық қағидаларын енгізу
    • Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастыруға қатысу
    • Өңірлік және халықаралық деңгейлерде адвокаттардың кәсіби және мәдени байланыстарын орнату мен дамыту
      Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға жәрдемдесу
    • Адвокатура және Адвокаттық қызмет, ұлттық және халықаралық құқық мәселелері мен проблемаларын жариялауға бағытталған баспа қызметін жүзеге асыру