home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Алматыда адвокаттардың Гонконгтың заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтті

Алматыда адвокаттардың Гонконгтың заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтті

Алматыда адвокаттардың Гонконгтың заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтті
26.08.2026

2026 жылғы 26 тамызда Алматыда Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Гонконгтың заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Алматы қаласы адвокаттар алқасының Төралқа мүшелері Нұрлан Жазылбеков, Таир Назханов, Сергей Ватаев және The Law Society of Hong Kong вице-президенттері Amirali B. Nasir мен Christopher K.K. Yu қатысты.

Кездесу Гонконг делегациясының сапары аясында өтіп, Қазақстан мен Гонконгтың заң қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болды. Кездесу барысында тараптар кәсіби өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және адвокаттық ұйымдар арасындағы халықаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу 2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Адвокаттар алқасы мен The Law Society of Hong Kong арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі практикалық қадамдардың бірі болды. Меморандум екі елдің заң қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды және кәсіби байланыстарды дамытуды көздейді.

Мұндай кездесулер халықаралық кәсіби диалогты кеңейтуге және Қазақстан мен Гонконг адвокаттары арасында практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.