Адвокат өз біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті. Адвокаттардың біліктілігін арттыру әркімнің білікті заң көмегін алуға Конституциямен кепілдік берілген құқығын тиісінше қамтамасыз ету үшін қажет.
Адвокаттардың біліктілігін арттырудың мақсаты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес теориялық білім мен практикалық дағдыларды жаңарту, сондай-ақ бұрын алған білім мен дағдыларды одан әрі жетілдіру болып табылады.
Адвокаттардың біліктілігін арттыру үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Ол ұзақтығы үш жыл ішінде жиырма сағаттан кем болмауға тиіс. Ол тиісті біліктілікті арттыру бағдарламасымен айқындалады.
Адвокаттар біліктілікті арттыруды аумақтық алқалардың не өзге де аккредиттелген ұйымдардың жанынан құрылған біліктілікті арттыру орталықтарында (бұдан әрі – орталықтар) жүзеге асырады. Төменде жұмыс істеп тұрған орталықтардың тізімімен танысуға болады.
Адвокаттардың біліктілігін арттыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Біліктілікті арттыруға қойылатын өзге де талаптар адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарында және адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібімен белгіленеді.
1. Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы – біліктілікті арттыру және тағылымдама орталығы;
2. Алматы қалалық адвокаттар алқасы-адвокаттардың тағылымдамасы мен біліктілігін арттыру орталығы;
3. Алматы облыстық адвокаттар алқасы-біліктілікті арттыру және тағылымдама орталығы;
4. Атырау облыстық адвокаттар алқасы-тағылымдама және біліктілікті арттыру орталығы;
5. Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы-біліктілікті арттыру орталығы;
6. Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы – біліктілікті арттыру орталығы;
7. Нұр-Сұлтан қаласының Адвокаттар алқасы-адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығы.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы
Мұхаммедқали Гүлнар +7 (7172) 71-08-49, ішкі. 709-0042, +7-701-700-88-68, электрондық пошта 709-0042@sud.kz
https://academy.sud.kz/kaz/content/zhosparlangan-kurstar
2. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет (КАЗГЮУ)
Бабаджанян Эстер Левоновна
+7-708-744-13-92
e_babadzhabyan@kazguu.kz
3. Сергей Сизинцев
Адвокат. De Facto заң фирмасының басқарушы серіктесі
Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы және Президиум мүшесі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы
https://defacto.kz/kz/seminars