home-img Адвокаттар алқасы туралы Ғылыми-консультативтік кеңес
Ғылыми-консультативтік кеңес Комиссия мүшелері Құжаттар

Ғылыми-консультативтік кеңес (ҒКК) РАА Төралқасы құратын алқаның консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

ҒКК негізгі міндеттері:

адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі, оны Нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу;
адвокаттық қызметтің проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
адвокатураның нормативтік құқықтық қамтамасыз етуде перспективалық және ағымдағы қажеттіліктерін болжау;
РАА-ны заң жобалау қызметіне қатысуға байланысты жұмыста сүйемелдеу;
қазақстандық заңнаманы дамытудың өзекті проблемаларын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

ҒКК сандық және жеке құрамын төрт жыл мерзімге РАА Төралқасы бекітеді.
Адвокатураны дамыту, нормативтік актілер жобаларын және жұмыс топтарын әзірлеу мәселелері бойынша ғылыми және практикалық іс-шараларға белсенді қатысатын адвокаттар, сондай-ақ басқа да білікті мамандар ҒКК-ның мүшелері бола алады.
РАА төралқасы ҒКК төрағасын ҒКК мүшелерінің арасынан РАА Төрағасы ұсынған кандидатуралардығ қатарынан сайлайды. ҒКК өз құрамынан ашық дауыс беру арқылы хатшыны сайлайды.
ҒКК мүшелерін РАА Төралқасы құратын жұмыс топтарының құрамына РАА төрағасы ұсынуы мүмкін.

ҒКК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет күндізгі режимде не конференц-байланыс құралдарын пайдалану арқылы қашықтықтан режимде өткізіледі. ҒКК отырысының күн тәртібі ҒКК отырысында бекітіледі.
ҒКК отырыстарына білімнің әртүрлі салаларының мамандары және адвокаттар РАА төрағасының келісімі бойынша ҒКК төрағасының шақыруы бойынша қатыса алады.
ҒКК отырысы ҒКК мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі. ҒКК шешімдері отырысқа қатысып отырған ҒКК мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. ҒКК мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда ҒКК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

ҒКК құзыреті

ҒКК РАА Төрағасының, РАА Төралқасының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды орындайды:

адвокаттық қызметтің проблемалық мәселелері, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың сот төрелігіне қол жеткізуі және басқа да өзекті мәселелер бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлейді;
адвокатураның нормативтік құқықтық қамтамасыз етуде перспективалық және ағымдағы қажеттіліктерін ғылыми болжауды жүзеге асырады;
адам құқықтарын қорғау және олардың сот төрелігіне қол жеткізуі саласындағы адвокатураның құқық қолдану практикасын талдайды және орын алған өзекті проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
адвокаттарға арналған әдістемелік құралдарды және Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
қазақстандық заңнаманы дамытудың өзекті проблемаларын қарайды және адвокаттық қызмет пен адвокатураға байланысты оны қолданудың сот-тергеу практикасын талдайды;
Адвокаттық қызмет және адвокатура мәселелері бойынша бағдарламаларды, бастамаларды, заң жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді ғылыми пысықтауды жүзеге асырады;
Адвокаттық қызмет және адвокатура мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік және ведомстволық құқықтық актілерге өзгерістер, толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды, дайындайды және РАА басшылығына енгізеді;
Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілер жобаларына сараптама жүргізуге қатысады;
Адвокаттық қызмет және адвокатура мәселелері бойынша отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми байланыстар орнатады және дамытады;
халықаралық кәсіби ғылыми алмасу мәселелері бойынша материалдарды алдын ала пысықтауды және дайындауды, Қазақстанның Адвокаттық қызметі және адвокатура мәселелері бойынша РАА өткізетін халықаралық кәсіби ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен симпозиумдар өткізуді жүзеге асырады;
адвокаттардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, сондай-ақ қаржы мониторингіне қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша ұсынымдар әзірлейді;
адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

ДЕЛЬМАНОВ Сисенбай Сарсембаевич
Республикалық Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ОЖГО Александр Константинович
Республикалық Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің хатшысы, Қарағанды облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ГАФАРОВА Лилия Минныгаязовна
Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ДЮСЕМБЕКОВ Дархан Мейрамович
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ИЛЬКЕНОВА Алия Наймановна
Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
КОЛПАКОВ Андрей Леонидович
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
КУРЯЧЕНКО Дмитрий Петрович
Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
МУСИН Салимжан Альмуратович
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
НАЛИБАЕВ Мухамеджан Нуралыевич
Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты
НУРКЕЕВА Айдана Айбековна
Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ФИЛАТОВ ВЯЧЕСЛАВ НИКОЛАЕВИЧ
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ЦОЙ Карина Руслановна
Атырау облысының адвокаттар алқасының адвокаты

.

.