home-img Адвокаттар алқасы туралы Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Комиссия мүшелері Құжаттар

Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия (Комиссия) РАА Төралқасы құратын РАА органы болып табылады.

Комиссияны құрудың мақсаты - адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау, сондай-ақ адвокаттық қызмет кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесуді ұйымдастыру болып табылады.
Комиссиямен өзара іс-қимылды РАА төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша РАА төрағасының орынбасары жүзеге асырады.

Комиссияның сандық және сапалық құрамын РАА Төралқасы бекітеді. Комиссия мүшелері төрт жыл мерзімге сайланады. Комиссия құрамына Адвокаттық қызмет өтілі кемінде бес жыл барлық аумақтық адвокаттар алқаларының өкілдері кіреді. Әрбір аумақтық адвокаттар алқасынан кемінде бір кандидат ұсынылуға тиіс.
Комиссияның қызметін ұйымдастыруды және оған басшылықты комиссияның төрағасы жүзеге асырады. Комиссия төрағасының кандидатурасын комиссия мүшелерінің арасынан РАА Төралқасы сайлайды. Бір адам Комиссия төрағасы лауазымына бір мерзімнен артық тағайындала алмайды.
Хатшыны оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы комиссия сайлайды.

Комиссия отырыстарын комиссия төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ үш айда бір реттен сиретпей шақырады. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда комиссия отырысын комиссия төрағасы РАА Төралқасының талап етуі бойынша немесе РАА төрағасы шақыруға тиіс.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия отырыстары хаттамамен тіркеледі.

Комиссияның Құзыреті

Комиссия адвокаттардың, адвокаттар алқалары төралқаларының адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуы туралы жеке, ұжымдық өтініштерін қарайды.
Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға арналған Комиссия:

келіп түскен өтініштерді қарайды, адвокаттардың құқықтарын бұзудың (бұзушылықтардың) болуы немесе болмауы туралы қорытындылар әзірлейді және оларды РАА төралқасына немесе РАА төрағасына жібереді;
РАА төралқасына адвокаттардың құқықтарын қорғаудың тәсілдері мен тетіктері туралы ұсыныстар енгізеді;
РАА төралқасына адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларын енгізеді;
адвокаттардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқық қолдану практикасын қорытады және РАА төралқасына адвокаттық қызмет кепілдіктерін регламенттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
өз құқықтары мен адвокаттық қызмет кепілдіктерін өз бетінше қорғау тәсілдері мен практикасы бойынша адвокаттық қоғамдастық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
РАА төрағасының келісімі бойынша адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау бойынша соттармен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда өткізілетін іс-шаралар жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Комиссия қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

ТУЛЕГЕНОВ Артур Куанышевич Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия төрағасы, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ШЕРУБАЕВ Руслан Айтказыевич Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты
АМИРГАЛИЕВА Ширин Бауржановна Қарағанды облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ДАРИБАЕВА Айжан Сериковна Абай облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ЖАНАБАЕВ Нурлан Болатович Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
МУСИН Салимжан Альмуратович Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
АБИКЕНОВА Толганай Нурланбековна Жетісу облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ТОКАЕВА Асель Нурмахановна Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
БАЙМОЛДА Ринат Карибаевич Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаты
КАЛИЕВА Рысты Ерсейткызы Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ЖАМАНОВ Асхат Сандбекович Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
НУРПЕЙСОВ Бакытбек Абатович Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты
БАЛТАБАЙ Марзия Аппасовна Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ДЮСЕМБИЕВА Жанар Дарханбековна Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
ЖУМАГАЗИЕВА Карина Серикказиевна Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты
МЫРЗАТАЕВ Жаналидин Абубакирұлы Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ЖИГАЛЕНОК Елена Лаврентиевна Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты
ЖУМАБАЕВ Асан Жумабаевич Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты
АБДУЛИН Олжас Зейнулаевич Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының адвокаты
Жусупова Алуа Амангелдіқызы Қызылорда облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ТОРТАЕВ Алибек Кыдырмуратович Павлодар облысы адвокаттар алқасының адвокаты
ЖУМАГАЗИЕВА-ФАЙЗУЛИНА Карина Серикказиевна Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
РАМАЗАНОВА Лейла Адильхановна Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты
БЕДЕНБАЕВ Адилхан Адилхазиевич Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
КОВШУН Инна Леонидовна Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
МУТАЛИПОВ Мурат Нурахметович Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
ОРЫНБЕКОВА Айгуль Серикбековна Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
САВИНОВ Евгений Евгеньевич Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты
УШАКОВА Елена Владимировна Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты
ХАБИЕВ Дархан Талгатович Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

.