Төраға - Бикебаев Айдын Жолшыұлы
Төраға - Бикебаев Айдын Жолшыұлы
РАА төрағасын адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы төрт жылға сайлайды. Бір адам бір мерзімнен артық төраға лауазымын атқара алмайды.
РАА төрағасы:
РАА мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, жеке тұлғалармен қарым-қатынастарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда білдіреді;
Төралқаның отырыстарын шақырады және өткізеді, оның отырыстарында төрағалық етеді;
конференцияларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
Төралқа және конференция шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, комиссиялардың және өзге де осындай құрылымдардың құрамына кіретін адвокаттардың қызметін Төралқамен бірлесіп үйлестіреді;
РАА атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
РАА аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
РАА-нің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, РАА аппаратының барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
РАА атынан мәмілелер жасайды және мүліктің сметасы мен мақсатына сәйкес Төралқаның шешімі бойынша РАА мүлкіне билік етеді;
РАА жарғысында және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Туған күні
04.02.1973Туған жері:
Алматы облысының Кеген ауданының Жалаңаш ауылыБілімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Заң факультетінің үздік дипломы (1996 жыл).Тілдерді меңгеруі:
Қазақ, орыс және ағлшын тілдерін еркін меңгергенСоңғы қызметі/жұмыс орны:
1. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы 2. «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі (2002 жылдан бастап). 3. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасыЕңбек жолы:
Еңбек жолын 1996 жылы екінші деңгейдегі банктер мен ірі қазақстандық заң фирмасында заңгер болып бастаған.
1999-2002 жылдар — «Саят, Жолшы, Дархан и Бадо» заң фирмасының құрылтайшысы және директоры.
2002-2007 жылдар — Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты және «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі.
2007-2008 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеген: Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі ретінде.
2009-2016 жылдары — Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі және «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі. Сондай-ақ, «Әділет» Жоғары құқық мектебінде сеньор-дәріскер ретінде жұмыс істеді, онда «ҚР монополияға қарсы (бәсекелестік) құқығы» курсын жүргізді.
2016-2017 жылдары – «Сбербанк России» АҚ ЕБ басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі/басқарушы серіктесі.
Марапаттар:
Адвокатура саласындағы жетістіктері:
- «Алматы адвокаттары» журналы басылымның бастамашысы, алғашқы демеушісі және бас редакторы (2003 жыл).
- ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы ретінде сайланған алғашқы адвокат. Айдынның бастамасы бойынша осы комиссияның құрамына 2021 жылы белгілі адвокаттар Гүлнар Жаханқызы Сүлейменова мен Сергей Васильевич Сизинцев қосылды. Комиссия жұмысының арқасында адвокаттар судья лауазымына үміткерлерде жеткілікті кәсіби білімнің болуы туралы шешім қабылдауға қатысады. Бұл ретте, егер 2019 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 10 үміткердің 5-і (50%) сот жүйесінің қызметкерлері болса және тек 1 адвокат болса, 2020 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 13 үміткердің тек 1-і (7.7%) сот жүйесінің қызметкері болған және 4-і (30%) адвокаттар болды. Осылайша, біліктілік комиссиясы сот жүйесін негізінен тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар есебінен толықтыру бойынша белгіленген трендті күшейтеді деп үміттенемін.
- Айдын құрған «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесін көптеген жылдар бойы Legal 500, Chambers, Asia Law, IFLR халықаралық рейтингтік агенттіктер сенімді және кәсіби серіктес ретінде ұсынылып келеді. Бұл ретте «Саят Жолшы және Әріптестер» — халықаралық және ірі қазақстандық заң фирмаларынан тұратын тізімдегі жалғыз адвокаттық кеңсе.
- 2010-2020 жылдар бойына Who’s who legal халықаралық баспасымен Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқық саласындағы жетекші сарапшы ретінде ұсынылды. Осы анықтамалықтағы ұсынылған заңгерлердің тізімі тек тиісті құқық саласында мамандандырылған басқа заңгерлердің, оның ішінде шетелдік заңгерлердің пікірлерін сұрау нәтижесінде қалыптастырылады.
- Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының құрамында әр жылдары жұмыс істеген.
- Ол көптеген заң жобаларын, соның ішінде салық кодексін, бәсекелестікті қорғау бойынша заңнаманы, адвокаттық қызмет туралы заңнаманы әзірлеу бойынша жұмыс топтарының құрамына кірді.
Жарияланымдары:
- Бәсекелестік (монополияға қарсы) құқыққа арналған Қазақстандағы алғашқы ғылыми монографияның – «Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқығы және саясаты» (2010 жыл) авторы.
- ҚР Азаматтық кодексіне (1-кітап) профессор, заң ғылымдарының докторы және ҚР ҰҒА академигі М.К. Сүлейменовтың редакциясымен баптар бойынша Түсініктеменің бірлескен авторы (2021 жыл).
- «Монополияға қарсы (бәсекелестік) саясат және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қолдану тәжірибесі саласындағы қолданыстағы нормативтік базаны талдау» зерттеу-кітабының авторы (2011 жыл).
- «Wolters Kluwer Law and Business» халықаралық баспа үйі шығарған «Competition Law in Central European Countries» зерттеу-кітабының қазақстандық бөлігінің авторы (2014 жыл).
- Жыл сайын «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттары шығаратын «Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық негіздері» анықтамалық-кітаптың редакторы және тең авторы. Кітап 2005 жылдан бастап шығарылып келеді. 2021 жылы бұл кітаптың 16 шығарылымы жарық көреді.
- Өзекті құқықтық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғы сөзімен «Бәсекелестік құқық және саясат. Базалық курс» кітабының бірлескен авторы (2021 жыл).