Адвокатураның тәртіптік комиссиясы (АТК) адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы сайлайтын және оған есеп беретін РАА-ның тәуелсіз органы болып табылады.
АТК қызметінің мақсаты адвокаттардың кәсіби нормаларды сақтауының құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.
АТК негізгі міндеттері:
тәртіптік іс жүргізудің заңдылығы, объективтілігі, толықтығы мен жан-жақтылығы қағидаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қатысушылардың құқықтарын сақтау;
кәсіптік этика кодексінің ережелері мен заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, талдау және жою.
Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы АТК құрамына кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, қоғамның үш өкілі және отставкадағы екі судья сайлайды. АТК төрағасы - конференция сайлайтын адвокат.
АТК құрамының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды. Бір адам АТК-да бір мерзімнен артық бола алмайды.
АТК өз қызметін қажетіне қарай тәртіптік істерді, адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды, АТК қызметінің ұйымдастырушылық және өзге де мәселелерін қарау үшін шақырылатын отырыстар нысанында жүзеге асырады.
Егер отырысқа оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі. Отырысты бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-режимде өткізуге жол беріледі.
АТК шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады және олар қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Шешім сотта қаралуы мүмкін.
АТК отырыстары және оларда қабылданған шешімдер хаттамамен не қысқаша хаттамамен ресімделеді, оған АТК төрағасы мен хатшысы қол қояды.
АТК жұмысының нәтижелері АТК интернет-ресурсында орналастырылады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы қызметінің тәртібі және оның шешімдер қабылдау рәсімі адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы бекіткен АТК туралы ережеде белгіленеді.
АТК құзыреті
АТК құзыретіне мыналар кіреді:
аумақтық адвокаттар алқаларының басқару органдарының мүшелерін, АТК басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауаптылыққа тарту;
адвокаттардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне шағымдарды қарау;
тәртіптік тәжірибені жалпылау.
Адвокаттың тәртіптік жауапкершілігі
Әрбір аумақтық адвокаттар алқасының адвокатты тәртіптік жауаптылыққа тартуды жүзеге асыратын адвокаттардың тәртіптік комиссиясы сияқты тәуелсіз органы болады.
Адвокаттың тәртіптік теріс қылық жасағанын көрсететін жеткілікті негіздер болған кезде тәртіптік іс жүргізу қозғалады.
Адвокаттың мынадай нормаларды бұзуы тәртіптік теріс қылық болып табылады:
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң (бұдан әрі-заң);
Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы;
Адвокаттардың кәсіби этика кодексі;
адвокаттар алқасының жарғысы;
Республикалық адвокаттар алқасы органдарының шешімдері;
адвокаттар алқалары органдарының шешімдері.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокатқа тәртіптік жазаның мынадай шараларын қолдануға құқылы:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша адвокаттар алқасынан шығару.
Адвокаттың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады. Бұл ретте мұндай шешімге сотта немесе Республикалық адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылатын адвокатураның Тәртіптік комиссиясында дау айтылуы мүмкін.
Өз кезегінде, аумақтық алқалардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне шағымдарды қараудан басқа, адвокатураның тәртіптік комиссиясы мынадай адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тартуды жүзеге асырады:
адвокаттар алқаларын басқару органдарының мүшелері;
Республикалық адвокаттар алқасының басқару органдарының мүшелері.