Жыл сайын ҚР Конституциялық Кеңесі «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдау дайындайды, оны дайындау шеңберінде РАА екі маңызды мәселе бойынша өз ұсынысын дайындады.Бірінші кезекте, Жолдауда Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокаттардың (бұдан әрі – «МКЗК») еңбекақысын арттыру туралы мәселені көтеру ұсынылды.
Республикалық адвокаттар алқасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі бағдарламасы бойынша адвокаттардың заң көмегіне ақы төлеу мәселелерін талқылау үшін жиналыс өткізді.
ҚР Жоғарғы сотында «Тергеу судьяларының жұмысындағы құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері: күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және ҚІЖК-нің 106-бабы тәртібінде шағымдарды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі «Ақиқат» комиссиясының басшысы адвокат Айман ОМАРОВА және «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы адвокат Абзал Құспан қатысты.
Республикалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық адвокаттар алқасының Тағылымдамадан өту және адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп, «ҚР Жоғарғы сотында азаматтық істер бойынша кассациялық өтініштерді (наразылықтарды) қараудың практикалық мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырады.