2022 жылғы 11 маусымда сағат 10:00-де адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Республикалық адвокаттар алқасымен, Алматы қалалық адвокаттар алқасымен және Алматы қаласының тағылымдама орталығымен бірлесіп ұйымдастырған оқыту іс-шарасы басталады.
Вебинарда адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғаудың проблемалық мәселелері және оларды тиімді шешу жолдары талқыланады.
Спикерлер: Тайыр Назханов, Гүлхан Оқатова, Айгүл Халикова, Айжан Дәрібаева, Руслан Шерубаев қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, спикерлерге ұсыныстарын айта алады.
Вебинарға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://us02web.zoom.us/.../reg.../WN_V4cUuYi7T3mww6o38r2cJg