home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20.06.2022

Бүгін Республикалық адвокаттар алқасы өз сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосты. Ыңғайлы навигация, маңызды құжаттарға жылдам қол жеткізу және үштілділік – жаңа сайттың басты ерекшелігі.

Жаңа сайтты әзірлеу кезінде қазақстандық адвокатура туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылды. Басты адвокаттық ақпараттық ресурстың сапасын, қолайлылығын және оны пайдаланудың қарапайымдылығын арттыру мақсатында сайттың басты бетінде адвокаттық қоғамдастықтың қызметі туралы жаңалықтар және адвокатура саласындағы негізгі іс-шаралардың әлқиссалары, РАА органдары дайындаған жобалар, сондай-ақ органдар мүшелерінің фотосуреттері бар толық тізімдері орналастырылған. 

Сондай-ақ, жаңартылған сайтта смартфондарға бейімделген нұсқа және нашар көретін жандарға арналған оқу мүмкіндіктері қарастырылған.

Сайттың ақпараттылығы бойынша жұмыс әлі де жалғасуда. Алдыңғы платформадан барлық деректерді көшіру кейбір техникалық қиындықтар туғызуы мүмкін екендігін ескеретін болсақ, оны толық жаңарту процесі бір ай ішінде аяқталады. Сондықтан уақытша барлық бөлімдерде ақпарат толық көлемде берілмейді.

Жаңартылған advokatura.kz сайты қазір тест режимінде жұмыс істеуде. РАА Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қабылдауға дайын, оларды поштаға жіберуге болады office@advokatura.kz.

Өз еңбектерін РАА сайтында орналастырғысы келетін адвокаттар мақалалары мен пікірлерін, тіжірибелерін ресми поштаға жібере алады office@advokatura.kz.

Алдыңғы сайтқа сілтемені осы беттің төменгі жағынан таба аласыз.