РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 11.05-13.05.2022

РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 11.05-13.05.2022
15.05.2022

12 мамырда заң көмегін көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша сараптамалық-талдау тобының отырысы өтті. Оның жұмысына РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова, адвокат Әлия Құлыбекова және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында 2022 жылғы 11 наурызда дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша Жол картасында көзделген іс-шаралардың орындалуы талқыланды. Адвокатура өкілдері, атап айтқанда, адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша, сондай-ақ орындау мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталатын бірқатар басқа да маңызды мәселелер бойынша ұсынымдар айтты.

13-14 мамырда АІЖК-дегі соңғы өзгерістерге арналған Astana LEGAL FORUM 2022 Астана заң Форумы өтті. Екі күн ішінде заң қауымдастығының өзекті тақырыптарына 6 форум өткізілді. Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты. Адвокатурадан форум спикерлері ретінде РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ және РАА ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сергей СИЗИНЦЕВ сөз сөйледі.

13 мамырда мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестердің мүше адвокаттарының, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Отырыс аясында қоғамдық кеңестердегі адвокатура жұмысының басым бағыттары айтылды. РАА төрағасы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап өтті , өйткені бұл мемлекеттік орган «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды дайындаудағы негізгі орган болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттардың салық салынатын табысынан кәсіби шегерімдер, адвокаттардың оңайлатылған салық режимін қолдануы, сондай-ақ адвокаттық кеңселерді салық агенттерінің тануы сияқты мәселелер қозғалды.

13 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Сараптамалық кеңестің дөңгелек үстелі өтті. Адвокаттық қоғамдастықтан кездесуге РАА төралқасының мүшесі Әсел ТОҚАЕВА және адвокат Абзал БЕКБОСЫНОВ қатысты. Кездесу Қазақстандағы саяси және құқықтық реформаларға арналды. Адвокатура өкілдері конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

13 мамырда РАА төрағасы ҚР Әділет министрімен кездесті.

Сондай-ақ осы аптада РАА төрағасы адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және азаматтармен кездесулер өткізді.

Өткен аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 59 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.