Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары

02.03.2022 ЖОҒАРҒЫ СОТ ПЕН РАА ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРЕДІ

ҚР Жоғарғы Соты мен Республикалық адвокаттар алқасының тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды.

21.02.2022 АДВОКАТТАР АЛҚАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

19 ақпанда онлайн форматта өткен адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы өз регламентін, Республикалық адвокаттар алқасының жұмыс органдарының қызметін реттейтін бірқатар ережелерді, сондай-ақ 2022 жылға арналған шығыстар сметасын бекітті және РАА Жарғысына толықтырулар енгізді.

16.02.2022 Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында тұжырымдама жобасы әзірленді

Ашық НҚА сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы жарияланған

01.02.2022 ЕҚЫҰ ЖӘНЕ РАА БАҒДАРЛАМАЛАР ОФИСІ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСЫ

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт мырзамен кездесті.