Мемлекет кепілдік берген заң көмегі (МКБЗК) шеңберінде адвокаттарға еңбекақы төлеу жүйесінде алғашқы өзгерістер орын алды. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) адвокаттардың мемлекет есебінен заң көмегін көрсетуіне сағаттық мөлшерлеме бойынша ақы төлеуге көшу мәселесін ұзақ уақыт бойы тұрақты көтеріп келді. Бұған дейін адвокаттың осындай еңбегі үшін төлем минутпен жүргізіліп келді. Мысалы, адвокат бес минутқа созылған тергеу әрекетіне қатысқан болса, онда оның жұмысы бюджеттен осы бес минут үшін төленеді. Сонымен қатар, мұндай минуттық процеске қатысу үшін адвокат оның басталуын күтуге бірнеше сағат жұмсайды, нәтижесінде үш жүз теңгеден аспайтын мөлшерде төлем алады.
РАА бұл мәселені барлық алаңдарда, соның ішінде Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасында және Адвокатура мен адвокаттық қызметтің жай-күйі туралы ұлттық баяндамада көтерген болатын.
Сонымен қатар, РАА өкілдері адвокаттардың еңбекақысын минуттық есептеуге дау айту бойынша кассациялық инстанцияға қатысты, және Жоғарғы Сот кепілдік берген заң көмегі сағаттық мөлшерлеме бойынша төленуі керек деген адвокаттардың уәждерін негізді деп тапты.
Өзгертулер күшіне енгеннен кейін және «Заң-көмегі» ақпараттық жүйесінде тиісті техникалық жетілдірулер жүргізілгеннен кейін адвокаттың тергеу әрекеттеріне немесе сот отырысына қатысу уақытының бірінші минутынан бастап бірінші сағат ішінде сағаттық мөлшерлеме бойынша есептеледі болады. Егер адвокат бір сағаттан артық көмек көрсетсе, онда екінші сағатты есептеу отыз минутқа бөлінген сағаттық мөлшерлеме бойынша да есептеледі.
Маңызды өзгерістер адвокаттың процестік және тергеу әрекеттеріне қатысуының бірінші және екінші сағаттарына қатысты. РАА мұны мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіндегі адвокаттардың еңбекақысын арттыру жолындағы алғашқы қадам ретінде ғана қарастырылуы тиіс деп санайды.
Адвокаттар күнделікті дерлік жүзеге асыратын, кейде олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары интеллектуалды жұмыс лайық және әділ төленуі керек, сондықтан РАА өз тарапынан осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда. Осыған ұқсас МКБЗК жүйесі бар басқа елдердің тәжірибесін зерделеу негізінде бұл мемлекеттік бағдарламаны түбегейлі реформалау ұсынылады және Әділет Министрлігінің жаңа басшылығымен барлық мақсаттарға қол жеткізіледі деп біз үміттенеміз.
Қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
«Құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық адвокатураның рөлі» Бикебаев А.Ж.
Жазылбеков Н.А. Круглый стол «Роль казахстанской адвокатуры в строительстве правового государства»
Адвокаты Казахстана приняли участие на пленарном заседании Мажилиса Парламента РК
Проблемы адвокатуры обсудили на круглом столе с участием Министра Юстиции