home-img Позиции Құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық адвокатураның рөлі

Құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық адвокатураның рөлі

Құқықтық мемлекет құрудағы  қазақстандық адвокатураның рөлі
21.10.2022

 «Құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық адвокатураның рөлі» дөңгелек үстелі

ПРЕЗЕНТАЦИЯ 

2-ші слайд

Адвокаттар қауымдастығының атынан шын жүректен ыстық ықыласымды және дөңгелек үстел ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 25 ақпанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзінде былай деп еді:

 «Мықты және тәуелсіз адвокатурасыз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес».

Осыдан бөлек, Мемлекет басшысы өзінің бірінші және екінші Жолдауларында адвокатураның ерекше рөлі, қылмыстық процестегі адвокат пен прокурордың тепетеңдігі, адвокаттар қызметінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жұмыстарына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттерге тиым салудың қажет екенін айтқан болатын.

Бұл жерде мынаны айта кетейін. Өткен жылы қабылданған 2030-шы жылға дейінгі Құқықтық саясаттың жаңа концепциясында адвокатура туралы бірде-бір сөз жоқ.

Осыны ескере отырып және Президентіміз адвокатура институтының ерекше маңыздылығына үш рет назар аударғанын ескере отырып, біз іске көшуді жөн көрдік. Сондықтан біз қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасын әзірледік.

Ең алдымен адвокатураны толыққанды кәсіби тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қалай және қай бағытта әрекет істеу керектігін анықтағымыз келді және сол арқылы елде болып жатқан өзгерістерден шет қалмай, нағыз құқықтық мемлекет құруға ықпал еткіміз келді.

Құжатты талқылау өткен жылдың желтоқсан айында басталды, адвокаттар кең ауқымда қатысып осы жылдың сәуір айында Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы тұжырымдаманы бекітті.

3-ші слайд

Тұжырымдама 16 бөлімнен тұрады. Оның ішінде мынадай өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары көресетілген:

  • мықты адвокатура
  • адвокатураның тәуелсіздігі
  • адвокаттың тәуелсіздігі
  • адвокат пен прокурордың тепетеңдігі
  • адвокат мәртебесін нығайту
  • адвокаттың тиісті еңбекақысы
  • адвокаттық қызметтің нақты кепілдіктері
  • адвокаттардың әлеуметтік және салықтық мәселелері
  • адвокаттық кәсіптің, кәсіби этиканың беделін арттыру
  • адвокатураның өзін-өзі басқару ұйымдары мен органдары жұмысының тиімділігі туралы.

 

4-ші слайд

Адвокатураны мықты етуді өзімізден бастау қажет деп шешіп, алдымызға мынадай мақсаттарды қойдық:

Бірінші. Республикалық адвокаттар алқасының органдарын қайта жасақтау, ынталандыру жүйесін енгізу және олардың жұмысын демократияландыру.

Біз РАА-ның жұмыс органдары қайта құрдық. Біздің ғылыми-консультативтік кеңес, адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәзір жақсы жұмыс істеп жатыр, олардың ережелерін қайта бекітік, қаржы бөлдік. Жұмыс органдарының шешімдері барлық мүшелердің пікірін ескере отырып, алқалы түрде қабылданалады. Бізде толық демократия.

Екінші. Мемлекеттік органдар жанындағы жұмыс топтарына, қоғамдық кеңестерге, комиссияларға және т.б. осындай ұйымдарға адвокаттарды кіргізу.

Біз бұл мақсатқада қол жеткізіп жатырмыз. Белсенді адвокаттардың лоббистік мүмкіндіктері адвокатураға көп көмек әкеліп жатыр.

Үшінші. Адвокаттық қызметіне, сот жүйесі және құқық қорғау органдарына байланысты заң жобаларын Республикалық адвокаттар алқасымен келісуді қамтамасыз ету. Бұл ретте біз Әділет министрілігінің қасындағы Ведомствоаралық комиссиясының жұмысына белсенді қатысып жатырмыз.

Төртінші. Адвокатураның жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндама дайындау. Бұл баяндаманы келесі жылы бірінші рет қабылдаймыз.

5-ші слайд

Адвокатураның тәуелсіздігің қамтамасу ету үшін Үш мәселені шешуді ұсынамыз:

Бірінші. Адвокаттарға қатысты тәртіптік іс жүргізу мәселелерін адвокатураға толығымен беру.

Қазіргі уақытта адвокат мамандықтан екі жолмен мәжбүрлеп шығарылуы мүмкін: 1) Әділет Министрлігінің талап қоюы бойынша; 2) адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімі негізінде. Біз тәртіптік комиссияның шешімі жалғыз негіз ретінде қарауды ұсынамыз. Республикалық адвокаттар алқасы жанындағы 11 мүшеден тұратын тәртіптік комиссия құрамында бес адамды Әділет министрлігі тағайындайды. Оның ішінде үшеуі жұртшылықтың өкілдері болып табылса, тағы екі адам отставкадағы бұрынғы судьялар. Адвокаттар Комиссия төрағасының орынбасары  ретінде отставкадағы Жоғары соттың бұрынғы судьясы Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаевты сайлады.

Екінші. Мамандыққа кіру мәселесін шешуді адвокатураға беру. Біз мыналарды ұсынамыз:

- аттестаттау жөніндегі комиссия мүшелерінің басым бөлігі, оның төрағасын қоса алғанда, міндетті түрде адвокат болуы тиіс;

- емтихан кезеңдерінің бірі ретінде комиссия мүшелерімен әңгімелесуді енгізуді;

- үміткерлерден жоғары моральдық және әдептік қасиеттерін білу деңгейін тексеруді ұсынамыз;

- бұрынғы судьяларды, прокурорларды және тергеушілерді аттестаттаудан босатудың күшін жою қажет.

Үшінші мәселе. Республикалық адвокаттар алқасының ішкі нормативтік актілерін уәкілетті органмен келісуді алып тастау қажет деп ойлаймыз.

6-ші слайд

Адвокаттың тәуелсіздігі бойынша біз мыналарды ұсынамыз.

Бірінші. Адвокаттардың еңбекақы мөлшерін айқындау кезінде (мемлекет кепілдік беретін заң көмегі жүйесі бойынша) қылмыстық процесті жүргізетін органдарға тәуелділігі алынып тастау қажет:

Қазір тергеуші мен судья адвокаттың еңбекақы мөлшерін анықтайтын қаулы шығарады. Бұл сотқа және органға тән функция емес, оның сыбайлас жемқорлық компоненті де бар, оны 2019 жылы прокурорлық тексеру растады. Сондықтан автоматты есептеуге көшу арқылы осындай нормаларды Қылмыстық-процестік және Азаматтық-процестік кодекстерден алып тастау қажет.

Екінші. Адвокаттарға қатысты арнайы жедел іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің ерекше тәртібі белгілену керек дейміз;

Үшінші. Адвокаттардың құқықтары мен кепілдіктерін бұзу жөніндегі шағымдарды қараудың арнайы тәртібі белгіленуі тиіс дейміз;

Төртінші. Адвокатты оның қорғаушысымен сәйкестендіруді тоқтату керек.

7-ші слайд

Біздің ойымызша, салық салу саласындағы адвокаттарды кемсітетін нормаларды және адвокаттардың жұмысына төмен ақы төлеуді жоймай, мемлекет адвокатураның проблемаларына бет бұрды деп айту қиындау. Тұжырымдамада біз бірқатар шараларды қарастырдық. Біздің ұсыныстарымыз:

- мемлекет қаржыландыратын заң көмегінің барлық түрлерін адвокатураға беру керек;

- мемлекет кепілдік беретін заң көмегіне қатысатын адвокаттардың еңбекақы мөлшерін ұлғайту керек;

- мемлекет кепілдік беретін заң көмегіне қатысатын адвокаттардың еңбегін минуттық есептеуден бір сағатқа дейін есептеуге көшу керек;

- сот процесіндегі өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың өтелуін қамтамасыз ету керек;

 - адвокаттарға «сәттілік» ақысын белгілеуге рұқсат ету керек;

- адвокаттың кәсіпкерлік қызметпен айналусуына және өзге де ақы төленетін лауазымға орналасуына тыйым салуды қайта қарау керек;

- адвокаттарға арнайы салық режимдерін пайдалану құқығын беру керек;

- салық салынатын кірістен шығыстарды шегеру мүмкіншілігі болу керек;

- адвокат мамандығын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енгізу керек.

8-ші слайд

Адвокатура тұжырымдамасында басқа да маңызды бағыттар қарастырылған. Олар туралы менің әріптестерім айтады.

Құрметті депутаттар,

Сіздерден қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасы шеңберінде адвокаттық қызмет мәселелері бойынша заң жобасын қабылдауларыңызды сұраймыз. Біз барлық керек көмекті көрсетуге дайынбыз.

Осы кездесуді ұйымдастырып, бізді тыңдап, адвокатураның дамуына ықпал етіп жатқандарыңызға тағы да үлкен алғысымызды айтуға рұқсат етіңіздер. Үлкен рахмет.

11.12.2024

ПОЗИЦИЯ Республиканской коллегии адвокатов по вопросу соответствия Конституции Республики Казахстан пункта 1 статьи 818 Гражданского кодекса Республики Казахстан

11.12.2024

ПОЗИЦИЯ Республиканской коллегии адвокатов по проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях»