home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Республикалық адвокаттар алқасы ҰСТАНЫМЫ

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Республикалық адвокаттар алқасы ҰСТАНЫМЫ

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Республикалық адвокаттар алқасы  ҰСТАНЫМЫ
04.06.2025

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Республикалық адвокаттар алқасы

ҰСТАНЫМЫ

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныса отырып, Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы рақымшылықтың гуманистік мәні мен мақсаттарына сәйкес келуі тұрғысынан, заң жобасының 4-бабында көзделген рақымшылық қолданылмайтын жағдайлардың кең тізбесіне қатысты елеулі сұрақтар туындайтынын атап өту қажет деп санайды.

4-бап қылмыстық құрамдардың елеулі бөлігін қамтиды, бұл рақымшылықты қолдануға болатын адамдар аясын едәуір шектейді. Бұл заңда көзделген шараның негізінен формалды сипатта болып, қоғам күткен әлеуметтік әсерге қол жеткізбеуіне алып келуі мүмкін.

Заң жобасында абайсызда жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтарға арнайы көзқарастың қарастырылмауы ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұндай іс-әрекеттер, әдетте, жеңіл немесе орташа ауырлықтағы санатқа жататындықтан, формалды түрде рақымшылыққа ілігетіндей болып көрінгенімен, 4-баптың құрылымында олар жеке дара бөлінбеген. Сол себепті олар іс жүзінде назардан тыс қалып отыр.

Абайсызда жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар өз мәні жағынан қасақана жасалған әрекеттерден түбегейлі ерекшеленеді: олар зұлым ниетсіз, пайдакүнемдік себептерсіз және зиян келтіру ниетінсіз жасалады. Көп жағдайда мәселе бақылаудың әлсіздігі, немқұрайлылық немесе жағдайды дұрыс бағаламау салдарынан туындайды. Дәл осындай кінә нысаны қасақана жасалған әрекеттермен салыстырғанда қоғамға төндіретін қаупі мен кінәсінің дәрежесі әлдеқайда төмен екенін көрсетеді.

Алайда рақымшылықты тек қана қылмыстың ауырлық санатына байланысты формалды белгі негізінде құру барысында, қоғамға қауіптілігі ең аз әрекеттер неғұрлым ауыр қасақана құқықбұзушылықтармен теңестіріліп, жеке қарастырылмай қалатын жағдай туындайды. Бұл рақымшылықтың құқықтық әрі моральдық институт ретіндегі гуманистік әлеуетін төмендетеді.

Абайсызда жасалған құқықбұзушылықтарға қатысты рақымшылық адамның келтірілген материалдық және моральдық залалды өтеу міндетінен босатпайтынын атап өту маңызды, сондықтан бұл гуманизм мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті бұзбайды. Мұндай құқықбұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдарға рақымшылық қолдану мәселесі жеке қарастыруға лайық.

Қосымша назар аударуды жазасын өтеп жатқан әйелдер мәселесі талап етеді, оның ішінде экономикалық сипаттағы істер бойынша сотталғандар да бар. Әсіресе бұл зейнет жасындағы немесе кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты, өйткені оларды қоғамнан оқшаулау түзелуге ықпал етпейді, керісінше, кейбір жағдайда шамадан тыс ауыр салдарға алып келеді. Мұндай адамдарға қатысты келтірілген залалды өтеуге және әлеуметтік байланысын жоғалтпауға мүмкіндік беретін балама жазалау шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сондай-ақ адвокаттар қауымдастығында алаңдаушылық тудыратын жайттардың бірі – бірқатар қылмыс құрамдары бойынша шектеулердің сақталуы, атап айтқанда, ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлігіне (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) қатысты. Себебі бұл норма тәжірибеде жиі формалды түрде, нақты қылмыстық құрылым анықталмаған жағдайда да қолданылып жатады. Бұл рақымшылықтың тиімділігін төмендетіп, тиісті ережелерді мұқият қайта қарауды талап етеді.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, заң жобасының
4-бабында көрсетілген қылмыс құрамдарының тізбесін қайта қарау үшін ғалымдар, депутаттар, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру қажет деп есептейміз.

Заң жобасын жетілдіру барысында оның азаматтардың үмітін және қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларын бейнелейтін гуманистік және әлеуметтік бағыттылығына тиісті назар аударылады деп үміттенеміз.