27 маусымда РАА төрағасы Айдын Бикебаев және оның орынбасары Игорь Вранчев Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында сотқа дейінгі тергеу аясында адвокаттарда туындайтын мәселелер талқыланды.
27 маусымда РАА төрағасы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының кезекті отырысын өткізді.
28 маусымда қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын іске асыру бойынша заң жобасын талқылау бойынша адвокаттардың қатысуымен онлайн кеңес өтті.
28 маусымда РАА төрағасы жыл сайынғы "Astana Finance Days 2022" құқықтық конференциясына қатысты. Сессияның модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды. Толығырақ сілтеме бойынша
29 маусымда адвокаттар Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. "Адвокаттар мен Заң консультанттарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері және олардың заң көмегін көрсету жүйесіндегі рөлі: бүгіні мен болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел онлайн форматта өткізілді. Толығырақ сілтеме бойынша
30 маусымда Әділет министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті.
29 маусым мен 1 шілде аралығында РАА Ғылыми-консультативтік кеіес төрағасы Сергей Сизинцев Страсбургте (Франция) Еуропа Кеңесінің HELP бағдарламасының конференциясына қатысты. Конференцияға қатысушылар арасында посткеңестік және еуропалық елдердің судьялары, прокурорлары мен адвокаттары болды. HELP бағдарламасы судьялардың, адвокаттар мен прокурорлардың адам құқықтары саласындағы стандарттарды қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Ол адам құқықтары саласындағы көптеген тақырыптарды қамтитын онлайн курстар ұйымдастырады. Еуропа Кеңесі тарапынан РАА адам құқықтарын қорғау саласында адвокаттардың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы ұсыныс алды. Толығырақ сілтеме бойынша
1 шілдеде Жоғарғы Сот басшылығымен кездесу өткізілді. Іс-шараға жергілікті соттар мен адвокаттық қоғамдастық өкілдері қатарынан 1600 қатысушы онлайн қосылды. Үш сағаттық әңгіме барысында адвокаттар 40 өткір және өзекті сұрақтарға жауап алды. Толығырақ сілтеме бойынша
1 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жаңартылған Конституцияның құқық қорғау әлеуетін сараптамалық талқылау өтті. Дөңгелек үстел жұмысына РАА төрағасы қатысып, сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде ҚР Вице-министрі Мұқанова Алма Қайратқызы сөз сөйледі. Толығырақ сілтеме бойынша
Осы аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 46 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 13 шағым. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде. Бір апта ішінде РАА төрағасы бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен және адвокаттармен кездесулер өткізді.