Кеше Республикалық адвокаттар алқасы мен Жоғарғы Сот сот төрелігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша бірегей іс-шара өткізді.
Ерекшелігі келесіде болды:
1. Барынша нәтижелілік. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Үш сағат ішінде 40 сұраққа жауап берілді, яғни бір сұрақ-жауап үшін орташа есеппен 4,5 минут жұмсалды. Біз есеп беру баяндамаларын оқудан саналы түрде бас тарттық. Бізге проблемалардың басым бөлігін қамту қажет болды және сол мақсатқа қол жеткіздік.
2. Өткір және өзекті мәселелер. Сұрақтар адвокаттар мен аймақтық адвокаттар алқаларынан жинау арқылы құрылды. Өткір проблемалардың ешқайсысы көлеңкеде қалмады. Сұрақтар келесі мәселелерді қамтыды: сот төрағаларының судьяларға ықпалын болдырмау туралы; соттардың ЖТӘ жүргізу кезіндегі бұзушылықтарды елемейтіні туралы; сот қайтарған қылмыстық істер бойынша прокурорлардың жаңа дәлелдемелер жинауы туралы; қазіргі уақытта жұмыс істемейтін ҚК-нің 418-бабы бойынша судьяларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға қатысты ұстаным туралы; істі қарауға дайындық сатысында аудио және видео материалдарды енгізу мүмкіндігі туралы; күзетпен ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын төмен қолдану туралы; судьялардың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушілер өтінішхаттарының негізділігін ескермеуі туралы; прокуратура органдарына санкция беру жөніндегі бірқатар өкілеттіктерді беру туралы; судьялардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бұзушылықтарды бағалауы туралы; азаматтық істер бойынша "жаппай" кассациялау институтын енгізу мүмкіндігі туралы; судьялардың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаттарының негізділігін әкімшілік істер бойынша, ҚІБ және ЗМН бойынша істерді "Сот кабинетіне" орналастырмау туралы, онлайн отырыстар туралы және т.б. шешімдерге байланысты мәселелер қозғалды.
3. Жауаптардың аса құндылығы. Жауаптарды Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары Н.Қ. Шәріпов, А.Т. Жүкенов, А.С. Түкиев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.А. Шипп, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н. Р. Ахметзакиров жеке ұсынды. Кейбір жауаптары сот тәжірибесін айтарлықтай өзгертуге көмектеседі. Жауаптар барысында адвокаттардың ұстанымын ескере отырып, Жоғарғы Соттың бірқатар нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізілетіні, сондай-ақ іс жүргізу заңнамасы өзгерген кезде жекелеген мәселелер ескерілетіні бірнеше рет айтылды.
4. Рөлдерді өзгерту. Егер әдетте судьялар сұрақ қойып, адвокаттар жауап берсе, онда бұл жолы бәрі керісінше болды. Модератор және сұрақ қоюшы ролінде адвокат болса, жауап беруші ролінде судьяларды көру таңсық болды. Сұрақтарды РАА төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ айтып отырды. Менен басқа көзбе-көз кездесуге қатысқан РАА Төралқасының мүшелері Гүлмира Сұлтанбекова, Эльвира Абдуллина, РАА Тәртіптік комиссиясының төрағасы Данияр Қанафин, РАА адвокаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Тайыр Назханов көмектесті.
5. Елдегі барлық адвокаттардың онлайн кездесуіне қол жеткізу. Онлайн кездесуге 700-ден астам адвокат қатысты. Онлайн-платформаға кірген адамдардың жалпы саны 1600-ге жетті.
6. Нақты шешімдер қабылданды. Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы: 1) келіп түскен әрбір мәселеге ұсынымдар әзірлеу үшін жауапты адамдарды бекітуді; 2) кездесу хаттамасын жасауды; 3) жекелеген өңірлерде судьялардың тәуелсіздігі қағидаттарын бұзбай, тергеу соттарының неге қылмыстық қудалау органдарына бейілді қарайтынын зерделеуді; 4) адвокаттар мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне қатысты жеке қаулылар шығару практикасын қорытуды тапсырды; 5) республиканың барлық соттарында адвокаттарға арналған кабинеттерді жабдықтау үшін барынша жағдай жасау; 6) РАА-ның барлық сұрақтарына және іс-шара барысында келіп түскен, айтылмаған сұрақтарға жазбаша жауаптар беру; 7) ай сайын адвокаттық қоғамдастықтың ішкі дауыс беруі негізінде айқындалатын РАА-ның он сұрағына жауаптар беру; 8) барлық облыстық соттарға адвокаттармен осындай кездесулер өткізу ұсынылды; 9) тергеушілерді, прокурорларды сот процестерінен тыс судьялардың кабинеттеріне жіберуге тыйым салу туралы бұйрық шығарылады; 10) РАА және ЖС жұмыс тобының құрамын кеңейту; 11) Жоғарғы Сот пен РАА арасында осындай форматтағы іс-шараны тұрақты негізде жылына кемінде бір рет өткізу.
Адвокаттық қоғамдастық атынан Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің басшылығына осындай стандарттан тыс блиц-сауалнама жүргізуге келіскені үшін алғыс айтамын. Сіздің ашықтығыңыз және ыңғайсыз сұрақтарды тыңдауға және оларға жауап беруге дайын болғаныңыз ерекше жігер ұялатады. Сіз бастап, көрсеткен үлгіні еліміздің барлық құқық қорғау органдары іліп алып, жалғастырады деп үміттенемін.
Біз барлығымыз (адвокаттар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, заң кеңесшілері) заңгерлерміз және біздің ортақ миссиямыз - заңға қызмет ету. Осындай ашық диалог арқылы ғана біз жаңа Қазақстанды құра аламыз. Мұны біз сот жүйесінің басшыларынан көрдік.
Республикалық адокаттар алқасының төрағасы Бикебаев Айдын Жолшыұлы.