home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ АДВОКАТУРА ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ДАЙЫНДАУДЫ БАСТАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ АДВОКАТУРА ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ДАЙЫНДАУДЫ БАСТАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ АДВОКАТУРА ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ДАЙЫНДАУДЫ БАСТАДЫ
13.12.2022

Қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде РАА Төралқасы келесі жылдың ақпан айының екінші жартысында адвокатураның жағдайы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі адвокаттар қызметі туралы ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА дайындау және жариялау туралы шешім қабылдады (бұдан әрі – Ұлттық баяндама).

Айта кеткен жөн, ұлттық баяндаманы адвокаттар алқасы алғаш рет дайындап жатыр. Онда адвокаттардың құқықтары мен адвокаттық қызметінің кепілдіктерінің бұзу фактілері, осы проблемаларды жою шаралары қамтылатын болады. Ол сондай-ақ адвокаттар алқасының жүргізіп жатқан және жоспарлап отырған реформаларға қатысты ұстанымдарын көрсететін болады.

Ұлттық баяндаманы дайындау үшін адвокаттар мен аумақтық адвокаттар алқаларынан шынайы және нақты ақпаратты жинау және талдау жоспарлануда.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанындағы Төралқаның шешіміне сәйкес, адвокаттардың құқықтарын бұзу, құқықтық насихатты жүргізуге араласу және кедергі жасау, сондай-ақ оның кепілдіктерін сақтамау фактілері жайлы ақпаратты жинау мақсатында, РАА аумақтық алқаларға Ұлттық баяндама құрылымы жобасын жіберді.

Сонымен қатар, барлық адвокаттарды адвокаттар алқаларына немесе тікелей Республикалық адвокаттар алқасына ақпарат жіберу арқылы осы мәселеде қолдау көрсетуге шақырамыз. Жеке деректердің құпиялылығы сақталады.

Баяндама Мемлекет басшысына, сондай-ақ Үкіметке, Парламент Сенаты мен Мәжілісіне, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына және Жоғарғы Сотына жіберіледі.

Адвокатура және азаматтар құқығы мен еркіндіңтерін қорғау бойынша адвокаттар қызметінің жағдайы жөніндегі ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА құрылымының жобасы