қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған Тжырымдамасын және Жұмыс топтары, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялардың және өзге де құрылымдардың құрамына кіретін адвокаттардың қызмет Қағидаларын қабылдады
" />Бүгін РАА Төралқасы қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған Тжырымдамасын және Жұмыс топтары, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялардың және өзге де құрылымдардың құрамына кіретін адвокаттардың қызмет Қағидаларын қабылдады
РАА төралқасы 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан — жаңа адвокатура» қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын бірауыздан қабылдады. Тұжырымдаманы дайындау кезінде төралқа мүшелерінің, сондай-ақ республика адвокаттарынан келіп түскен ұсыныстары мен ескертулері ескерілді.
Құжатта адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, адвокаттардың іс жүргізу мәртебесін арттыру, адвокаттарға қатысты әлеуметтік және салықтық әділеттілік мәселелеріне қатысты бағдарламалық нұсқаулар бар, сонымен қатар тұжырымдамада сот жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар бар. Тұжырымдама Мемлекет басшысына оның ережелерін іске асыру үшін жекелеген заңнамалық актіні қабылдау туралы өтінішпен жолданатын болады.
Республикалық адвокаттар алқасында құрылған түрлі жұмыс топтарына, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялардың жұмысына қатысатын адвокаттардың қызметі, олардың құрамына адвокатураның өкілдері ретінде ұсынылған, оның ішінде өз бастамасымен кірген адвокаттардың қызметі енді арнайы қағидалармен реттелген.
Мұндай қағидаларды қабылдаудың мақсаты — адвокаттардың қоғамдық қызметті жүзеге асыратын барлық алаңдарында адвокатураның тек қана оның мүдделері үшін шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу және ұсыну болып табылады.
РАА алдына қойылған міндеттерді сапалы және жедел орындау үшін басшы құрам алқа штатында тұруы қажет. Осыған байланысты, РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы лауазымы Төралқаның бірауыздан жасалған шешімімен РАА төрағасы мен оның орынбасарының жалақысын азайту есебінен РАА штаттық кестесіне енгізілді.
Сонымен қатар, Ақмола және Қостанай облыстарының адвокаттар алқалары төралқаларының төрағаларына қатысты шағымдар қаралды. Шағымдар бойынша қорытынды дайындаған төралқа мүшелерінің қорытындыларын талқылау нәтижелері бойынша РАА төралқасы РАА төрағасының аумақтық адвокаттар алқаларының көрсетілген басшыларына қатысты Адвокатураның тәртіптік комиссиясына ұсыным енгізуі үшін негіздердің жоқтығы туралы шешім қабылдады.
Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру мәселесі РАА Төралқасының келесі отырысына ауыстырылды.