home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары «АШЫҚ НҚА» ПОРТАЛЫНДА РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТТЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚҰЖАТЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН

«АШЫҚ НҚА» ПОРТАЛЫНДА РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТТЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚҰЖАТЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН

«АШЫҚ НҚА» ПОРТАЛЫНДА РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТТЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚҰЖАТЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН
22.04.2022

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Конституцияға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде бірқатар конституциялық заңдар мен заңдарға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер енгізу талап етіледі: Президенттің өкілеттігі, биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау процесін жаңғырту.

Түзетулер енгізу уәкілетті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді реттеуге бағытталған тиісті нормативтік құқықтық актілерді жедел қабылдауына мүмкіндік береді.

Үкіметтің заңнамалық жұмыс қағидаларына сәйкес (Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №907 қаулысымен бекітілген) реттеушілік саясат құжаттарын талқылау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылғы 11 мамырға дейін жалғасады.

Жария талқыланатын консультативтік құжаттың жобасына өз ұсыныстарын енгізгісі келетін адвокаттар оларды Ашық НҚА сайтында жариялай алады немесе Республикалық адвокаттар алқасының ресми поштасына жібере алады office@advokatura.kz олар кейін заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жіберіледі.