25–26 қыркүйек күндері Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Адвокаттың психологиялық тұрақтылығы: эмоционалдық интеллект, стрессті басқару және кәсіби күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында семинары өтті.
Екі күн бойы адвокаттардың күнделікті жұмысына тікелей қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, эмоционалдық жүктеме, стресстік жағдайлар, адамдармен қарым-қатынас жасау және күрделі жағдайларда сабырлылықты сақтай білу мәселелеріне назар аударылды.
Қатысушылар эмоционалдық күйіп кетудің алғашқы белгілерін қалай анықтауға, стрессті дұрыс еңсеруге және тұрақты кәсіби жүктеме жағдайында психологиялық күйді қалай сақтауға болатынын талқылады.
Эмоционалдық интеллект мәселесіне де ерекше назар аударылды. Яғни, өз эмоцияларын түсіну, оларды басқара білу және айналадағы адамдармен қарым-қатынасты тиімді құру қабілеті қарастырылды.
Семинар еркін пікір алмасу және практикалық жағдайларды талқылау форматында өтті. Адвокаттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, кәсіби қызмет барысында туындайтын қиындықтарды еңсеру жолдарын бірлесіп қарастырды.
Мұндай кездесулер кәсіби дамуға ғана емес, сонымен қатар өз жағдайына дер кезінде назар аударуға және қарқынды жұмыс жағдайында өзіне көңіл бөлуді ұмытпауға мүмкіндік береді.