Ұлттық баспасөз клубында Республикалық адвокаттар алқасы алғаш рет дайындаған 2022 жылғы адвокатураның жай-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша адвокаттардың қызметі туралы Ұлттық баяндаманың тұсаукесері өтті.
Баяндаушылар Айдын Бикебаев, Игорь Вранчев, Айман Умарова, Мейрам Шаймерденов және Мейірбек Даубалаев келесілер туралы айтты.
Бүгін біз адвокатураның жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ұсынып отырмыз. Құжат алғаш рет дайындалды. Осындай талдауды жыл сайын жасау жоспарымызда бар.
Біздің Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауларында құқықтық мемлекет күшті және тәуелсіз адвокатурасыз өмір сүре алмайтындығы туралы бірнеше рет айтып, адвокаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуын болдырмау, қылмыстық процесте теңдік пен бәсекелестікті сақтау қажеттігін атап өтті.
Оның бағдарламалық тапсырмаларын іске асыру барысы жеткіліксіз деңгейде. Алдағы 10 жылға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасында адвокатура туралы ештеңе айтылмаған. Соның нәтижесінде жүйесіз және ретсіз заң шығару орын алуда. Адвокаттардың құқықтарына нұқсан келтіретін нормалар өтіп отыр. Олқылықтың орнын толтыру және дұрыс бағыт беру үшін біз 2022 жылдың сәуір айында адвокатураны дамыту тұжырымдамасын бекітіп, тиісті заң жобасын дайындадық.
Біз оларды Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияда, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде және Сенаттың жұмыс тобында қарауға бастамашылық жасадық.
Бұл жерде Әділет министрлігінің бейінді департаменті тарапынан біз қолдау көрмедік. Департамент біздің тұжырымдамамызды талқылаған емес. Дегенмен, біздің ойымызша, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге жауапты орган адвокаттардың мәртебесін, құқықтары мен кепілдіктерін арттыруға мүдделі болуы керек.
Қазір Әділет министрлігінің Жобалық кеңсесінде Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекстің ревизиясы бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол жерде бізді Әділет министрлігінің басқа департаменті қолдады. Біз оларға өте ризамыз. Бірақ соған қарамастан, заң жобасына адвокатураның ұсыныстары толық енбеді.
Жалпы, Біз Президенттің тапсырмасын тиімді іске асыру үшін мемлекетпен, мемлекеттік органдармен неғұрлым белсенді ынтымақтастық болғанын қалаймыз. Біз өткен жыл қиын болғанын түсінеміз – қайғылы қаңтар, маңызды конституциялық реформалар, референдум, президенттік сайлау. Парламентте жұмыс көп болды – бірақ бұдан әрі күтуге болмайды.
Ұлттық баяндаманың үлкен бөлігі адвокаттардың құқықтарымен кепілдіктері бұзылған фактілерге арналған. Әр түрлі бұзушылықтардың нақты мысалдары келтірілген, соның ішінде қорғауындағы адамдарға барған кезде рентгенографиялық сканерден өту талаптарын белгілеу, адвокаттармен кездесуге арналған бөлмелерде бейнекамералардың қою, адвокаттарға қатысты жасырын тергеу амалдарын жүргізу, тіпті жалған себептер бойынша адвокатқа сотқа дейінгі тергеуді тіркеу және адвокатты ұрып-соғу фактілері бар.
Біз бұзушылықтарға жол берілуді тиісті жазалардың жоқтығымен байланыстырамыз. Адвокаттық қызметке кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ. Ол тек адвокаттық сұрау салуларға жауап бермегені үшін қарастырылған. Қылмыстық кодекстің бұзушылықтарға қатысты бабы жұмыс істемейді, өйткені ол іс жүзінде қолдану мүмкін болмайтындай етіп жасалған.
Адвокаттарға қатысты заңнамада басқа да кемсітушілік нормалар бар. Біз салықтық кемсітушілік туралы айтып отырмыз – жеке кәсіпкерлермен салыстырғанда адвокаттардың салықтық жүктемесі жоғары.
Тағы бір мысал. Қаңтар оқиғалары бойынша Алматыдағы бизнеске залал өтелді, ал адвокаттарға өтемақы төленбейді. Үкіметтің қаулысы осылай жасалған.
Адвокаттарға конституциялық-құқықтық миссия жүктелгенін және біз тергеуші немесе прокурор сияқты маңызды қоғамдық-құқықтық функцияны орындайтынымызды ескермей, мемлекеттік органдар адвокаттың рөлін қарапайым азамат рөліне дейін төмендететінін көріп отырмыз.
Тағы бір маңызды жайт. Біз мемлекеттік органдардың тағайындауы бойынша қызмет көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарауды талап етеміз. Күлкілі төлем сомалары және адвокатқа ақша алу үшін процестік қарсыласының қолын алу қажеттілігі бар төлем механизмі адвокаттың тәуелсіздік принципін бұзады.
Баспасөз конференциясының соңында адвокаттар журналистердің сұрақтарына жауап берді. (Баспасөз конференциясының жазбасы)
Адвокатураның үні естіледі деген үмітпен ұлттық баяндама барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. (Ұлттық баяндаман жүктеу)