home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Карчегенов Кенжеғали Қадырұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Карчегенов Кенжеғали Қадырұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Карчегенов Кенжеғали Қадырұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту
28.06.2025

Республикалық адвокаттар алқасы қазақстандық адвокатураның көрнекті өкілі, Қазақстанның адвокаттар одағының негізін қалаушылардың бірі және бірінші басшысы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының көп жылғы төрағасы Кенжеғали Қадырұлы Карчегеновтің өмірден озғанын хабарлайды.

Кенжеғали Қадырұлы Егемен Қазақстанның тәуелсіз адвокатурасын қалыптастырудың бастауында тұрды. 1990 жылдардың басындағы қиын жағдайларда ол ел адвокаттары бірлестігінің бастамашыларының және 1991 жылы Қазақстан адвокаттар одағын құрушылардың бірі болды. Адвокаттар қауымдастығының кәсіби мүдделерін дәйекті түрде қорғады, адвокатураның толыққанды құқықтық институт ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосты. Осы ұзақ жылдар ішінде ол еліміздің ең ірі адвокаттар алқасын — Алматы қалалық алқасын басқарып, әріптестерінің құрметіне, қоғам мен әділет органдарының сеніміне ие болды.

Кенжеғали Қадырұлы жоғары деңгейдегі кәсіпқой ғана емес, сонымен қатар өз әріптестерін шын жүректен құрметтейтін және әрқашан ашық және мейірімді, дана, жарқын адам болған. Оның өмір жолы, мамандыққа деген адалдығы мен жеке қасиеттері қазақстандық адвокатураның тарихында мәңгі қалады.

Кенжеғали Қадырұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол туралы жарқын естелік оны жеке білген және онымен бірге жұмыс істеу құрметіне ие болғандардың жүрегінде қалады.

Республикалық адвокаттар алқасы