11 шілдеде РАА Төралқасы адвокаттық сұрау салуды ресімдеу және жолдау тәртібіне және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ресімдеу тәртібіне және оған енгізілетін өзге де мәліметтер тізбесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Жаңа редакциядағы құжаттар бейіндік Заңның талаптарына сәйкес келісу үшін ҚР Әділет министрлігіне жолданды.
Уәкілетті орган көрсетілген құжаттардың жаңа редакциясымен келіскен жағдайда адвокаттарға адвокаттық сұрау салу жіберілген кезде оған міндетті түрде қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны және адвокат куәлігінің көшірмесін қоса беру қажет болады. Әділет министрлігінің жауабын алғаннан кейін келісілген құжаттар РАА-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, аумақтық адвокаттар алқаларына, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Сондай-ақ, РАА төралқасы Алматы облыстық адвокаттар алқасының шешімі заңды болғандықтан, өтініш берушінің тағылымдамадан өтуден бас тартуына қатысты шешімінің күшін жою туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартты.
Көрсетілген алқаның адвокатынан келіп түскен Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасы төрағасының мүшелік жарналардың елу пайыз мөлшерінде төленуіне қатысты шешіміне шағымды қарау шеңберінде РАА Төралқасы мүшелік жарналардың ставкаларын адвокаттар алқасының жоғары органы белгілегендіктен және оларды айқындау Төралқа төрағасының шешімі болып табылмайтындықтан шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, Ұлытау облысында құрылатын жаңа адвокаттар алқасының адвокаттарының саны көбейгенге дейін 1 АЕК мөлшеріндегі мүшелік жарнаны төлеуден босату туралы, сондай-ақ алқа аппаратының жұмысын қамтамасыз ету үшін қаржылық көмек көрсету туралы өтінішін талқылай отырып, Төралқа "Алқа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында аталмыш жағдайлардың қарастырылмайтынына байланысты оны қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдады. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" кодексіне және осындай шешімдер қабылдау үшін негіздемелердің РАА Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
11 шілдеде РАА Тәртіптік комиссиясының отырысында бір тәртіптік өндіріс қаралды. Жамбыл облысы адвокатының қабылданған шешіммен келіспейтіні туралы шағымын қарау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы адвокатурасының Тәртіптік комиссиясы шағымды қанағаттандырусыз қалдыру және Жамбыл облысы адвокаттарының тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
11 шілдеде төрағаның орынбасары Игорь Вранчев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы ҚК және ҚІЖК қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысты. Жоғарғы Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарының нәтижелері бойынша ведомствоаралық кеңес түзетулер пакетін пысықтау туралы шешім қабылдады, оларды қарауды Жоғарғы Сот алаңында басқа да новеллалармен кешенді түрде өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Жоғарғы сотқа қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Республикалық адвокаттар алқасымен, ғылыми қоғамдастық өкілдерімен және сарапшылармен талқылау ұсынылды.
11 және 12 шілдеде РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің ашық отырысында "Жаңа Қазақстан - жаңа адвокатура" қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде оның мүшелері әзірлеген заңнамаға өзгерістер енгізу жобалары талқыланды. Келесі аптада Ғылыми-консультативтік кеңес талқылауды жалғастыруға және жобаның түпкілікті редакциясын бекітуге ниетті.
12 шілдеде РАА төрағасы Айдын Бикебаев, атқарушы директор Айнаш Рақымова және РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сергей Сизинцев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Иргалиевпен және оның орынбасары Айгүл Шаимовамен кездесу өткізді. Кездесу барысында сот процесінде тараптардың жарыспалылығын арттыруға, адвокаттардың өкілеттіктерін кеңейтуге, адвокаттық қызметке салық салуға және кепілдіктерге, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау мәселелері қозғалды.
13 шілдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына "Ашық НҚА" порталында адвокаттық қызметтің реттеушілік саясатына қатысты бірқатар мәселелерді қамтитын Қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасы орналастырылды. Көрсетілген Тұжырымдамаға тиісті жобаларды әзірлеу жалғасуда.
14 шілдеде Республикалық адвокаттар алқасы Бас прокурорға, ішкі істер министріне және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіліне адвокат Л.А. Рамазанованың адвокаттық қызметіне кедергі жасау туралы өтінішіне байланысты тиісті ден қою шараларын қабылдау туралы өтінішпен жүгінді (толығырақ сілтеме бойынша).
14 шілдеде "Ашық НҚА" порталына "Конституциялық Сот туралы" Конституциялық заң жобасы бойынша РАА Төралқасының ұстанымы жолданды.
14 шілдеде онлайн режимінде РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын және 2022 жылдың 2 жартыжылдығындағы басым міндеттерді талқылау бойынша Әділет министрлігінің алқа отырысына қатысты.
Осы аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 62 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 22 шағым. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.