home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының ашық үндеуі

Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының ашық үндеуі

Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының ашық үндеуі
16.07.2022

Қаржы мониторингі органдарының адвокат Бурхан Жансейітовты ұстағаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылуына байланысты Республикалық адвокаттар алқасы бұл адамның адвокат болып табылмайтынын хабарлайды. 

Адвокаттар өздерінің этика кодексін басшылыққа алады, оған сәйкес кәсіби қызметте олар кәсіптің беделіне қамқорлық жасауы керек, мораль мен заңның үстемдігі принциптерін басшылыққа алуы керек. Дәл осындай талаптар жоғары заңгерлік білімі бар кез-келген адамға қатысты болуы керек деп санаймыз. Бұл ретте заң кеңесшісі Бурхан Жансейітовке қатысты тергеуді заңдылық қағидатын қатаң сақтай отырып және оған білікті заң көмегіне құқық бере отырып, аталмыш жағдайға байланысы жоқ орган жүргізуі тиіс деп санаймыз.

13-ші шілдеден 14-ші шілдеге қараған түні Алматы қаласында адвокат Лейла Рамазанованы аңдуына байланысты болған оқиға бойынша РАА Бас прокуратураға, ІІМ-ге және адам құқықтары жөніндегі уәкілге үндеу жолдады. Толығырақ: https://advokatura.kz/news/nabludenie-za-advokatom-narusenie-zakona. Осы мәселе бойынша әділ шешім бұл оқиғаға қатысушылардың барлығының ортақ мүддесі үшін тиімді деп ойлаймыз.

РАА сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың назарын заңда белгіленген адвокаттық қызмет кепілдіктерін мүлтіксіз сақтауға аударады, оның ішінде: 

- адвокаттық құпияның мызғымастығы;
- адвокаттарға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салу;
- адвокаттық қызметке араласуға және кедергі жасауға тыйым салу;
- адвокатты ол заң көмегін көрсететін тұлғамен сәйкестендіруге тыйым салу;
- адвокаттың кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік құқығы;
- адвокаттың өз клиентімен жеке және құпиялылықты қамтамасыз ететін жағдайларда кездесу құқығы.

Адвокаттар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар және заң кеңесшілері - заңгерлер және бір миссияға ие - құқыққа қызмет ету. Сонымен бірге, адвокаттардың құқықтарына немқұрайлы қараудың кең таралған тәжірибесі, адвокаттық қызмет кепілдіктерін өрескел және жүйелі түрде бұзу барлық заң мамандықтарына ортақ құндылықтарды жояды, жанжалдарға және бір-бірінің ұстанымдарын қабылдамауға әкеледі. Мұның бәрі әділ және заңды мемлекеттің қалыптасуына кедергі келтіреді.