home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РАА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РАА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РАА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
29.04.2026

АДВОКАТТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РАА КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

2026 жылғы 27 сәуірде Республикалық адвокаттар алқасының Төралқа отырысы өтіп, онда РАА-ның адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын жаңарту мәселесі қаралды.

Бұл мәселені қарау қажеттілігі Комиссияның бірқатар мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты туындады. Сонымен қатар, Комиссия мүшелерінің бірі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді.

Комиссия төрағасын сайлау мәселесі де жеке қаралды. Жаңа төрағаны сайлау қажеттілігі Комиссияның бұрынғы төрағасы Таир Күзекұлы Назхановтың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты болды. Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасын екінші мерзімге қайта сайлауға жол берілмейді.

Қарау қорытындысы бойынша РАА Төралқасы адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жаңартылған құрамын бекітті.

Комиссия төрағасы болып бірауыздан Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тулегенов Артур Куанышевич сайланды. Оның адвокаттық қызметтегі еңбек тәжірибесі 23 жыл. Бұған дейін Артур Куанышевич Комиссия жұмысына және адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді қарауға белсенді түрде қатысып келген.

Комиссияның жаңартылған құрамасы:

  1. Абдулин Олжас Зейнулаевич, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы;
  2. Абикенова Толганай Нурланбековна, Жетісу облысы адвокаттар алқасы;
  3. Амиргалиева Ширин Бауржановна, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы;
  4. Баймолда Ринат Карибаевич, Алматы облыстық адвокаттар алқасы;
  5. Балтабай Марзия Аппасовна, Астана қаласы адвокаттар алқасы;
  6. Беденбаев Адилхан Адилхазиевич, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы;
  7. Дарибаева Айжан Сериковна, Абай облысының адвокаттар алқасы;
  8. Дюсембиева Жанар Дарханбековна, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы;
  9. Жаманов Асхат Сандбекович, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы;
  10. Жанабаев Нурлан Болатович, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы;
  11. Жигаленок Елена Лаврентиевна, Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
  12. Жумабаев Асан Жумабаевич, Атырау облыстық адвокаттар алқасы;
  13. Жумагазиева-Файзулина Карина Серикказиевна, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы;
  14. Жусупова Алуа Амангелдыкызы, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы;
  15. Калиева Рысты Ерсейткызы, Атырау облыстық адвокаттар алқасы;
  16. Ковшун Инна Леонидовна, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы;
  17. Мусин Салимжан Альмуратович, Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
  18. Муталиев Мурат Нурахметович, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы;
  19. Мухамадиев Мухит Сеилханович, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы;
  20. Мырзатаев Жаналидин Абубакирович, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы;
  21. Нурпейсов Бактыбек Абатович, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы;
  22. Орынбекова Айгуль Серикбековна, Батыс Қазақстан адвокаттар алқасы;
  23. Рамазанова Лейла Адильхановна, Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
  24. Савинов Евгений Евгеньевич, Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
  25. Токаева Асель Нурмахановна, Астана қаласы адвокаттар алқасы;
  26. Тортаев Алибек Кыдырмуратович, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы;
  27. Тулегенов Артур Куанышевич, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы, Комиссия төрағасы;
  28. Ушакова Елена Владимировна, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы;
  29. Хабиев Дархан Талгатович, Батыс Қазақстан адвокаттар алқасы;
  30. Шерубаев Руслан Айтказиевич, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы.

Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия РАА-ның маңызды жұмыс органдарының бірі болып табылады. Оның қызметі адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуына немесе шектелуіне байланысты өтініштерді қарауға, адвокаттық қызмет кепілдіктерін қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ осындай жағдайларға ден қоюдың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған.

РАА Комиссия құрамындағы жұмысын аяқтаған адвокаттарға адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғауға қосқан үлесі және Республикалық адвокаттар алқасының қызметіне қатысқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

РАА өзінің ерекше алғыс сөздерін Комиссияны өкілеттік мерзімі бойы басқарып келген Таир Күзекұлы Назхановқа арнайды. Оның кәсіби тәжірибелігі, принципшілдігі және адвокаттарды қорғау мәселелеріне мұқият түрде қарауы Комиссия жұмысы мен кәсіби құқықтарды қорғау тетіктерін нығайтуда маңызды рөл атқарды.