home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары СПОРТТЫҚ ДӘСТҮРГЕ 10 ЖЫЛ: АДВОКАТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БУРАБАЙДА ӨТЕДІ

СПОРТТЫҚ ДӘСТҮРГЕ 10 ЖЫЛ: АДВОКАТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БУРАБАЙДА ӨТЕДІ

СПОРТТЫҚ ДӘСТҮРГЕ 10 ЖЫЛ: АДВОКАТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БУРАБАЙДА ӨТЕДІ
27.04.2026

2026 жылғы 27 сәуірде Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының отырысы өтіп, онда 2026 жылы Қазақстан адвокаттары арасында Республикалық спартакиада өткізу туралы шешім қабылданды.

Спартакиада 2026 жылғы 1-4 тамыз аралығында Щучье-Бурабай курорттық аймағында, «Жақсы» спорт кешенінің базасында өтеді.

Адвокаттар қауымдастығы үшін бұл іс-шараның маңызы ерекше. 2016 жылдан бастап адвокаттардың Республикалық спартакиадасы дәл осы «Жақсы» базасында өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде ол жай ғана спорттық жарыс емес, еліміздің әр өңірінен келген адвокаттарды біріктіретін, командалық рухты нығайтатын және әріптестердің жұмыс кабинеттері мен сот залдарынан тыс еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін игі кәсіби дәстүрге айналды.

Неліктен тағыда «Жақсы»

РАА Төралқасына осы мәселені дайындау барысында Спартакиаданы өткізуге арналған түрлі нұсқалар алдын ала қарастырылды, оның ішінде Түркістан, Шымкент және Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы алаңдар қарастырылды.

Өткізу орнын таңдау аса маңызды, өйткені Спартакиада ауқымды республикалық іс-шара. Оған аумақтық адвокаттар алқаларының командалары, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, жанкүйерлер және ілесіп келушілер қатысады деп күтілуде. Қатысушылар мен қонақтардың жалпы саны шамамен 500 адамды құрауы мүмкін.

Мұндай формат үшін бір мезгілде көп адамды орналастыруға, тамақтандыруға, бірнеше спорт түрі бойынша жарыстар өткізуге, қатар ойындар ұйымдастыруға, медициналық сүйемелдеуге, төрешілердің жұмысына және ұйымдастырушылар үшін қолайлы логистикаға мүмкіндік беретін алаң қажет.

Талқылау қорытындысы бойынша «Жақсы» базасы ең қолайлы нұсқа деп танылды. Оның мүмкіндіктері адвокаттар Спартакиадасын көп жылдар бойы өткізу тәжірибесімен дәлелденген. Бір аумақта қажетті спорт нысандары шоғырланған, қатысушыларды орналастыру және тамақтандыру үшін жағдай жасалған, ал ұйымдастырушылар алаңның ерекшеліктерін жақсы біледі және жарыс кестесін, спорт нысандарына түсетін жүктемені және тұрмыстық мәселелерді алдын ала жоспарлай алады.

Сонымен қатар, қарастырылған басқа нұсқалармен салыстырғанда кейбір алаңдарда орналастыру мүмкіндігі, құны, спорт нысандарының бір-бірінен қашықтығы немесе жарыстарды қажетті көлемде өткізу мүмкіндігі бойынша шектеулер болды. Елдің түкпір-түкпірінен адвокаттарды жинайтын іс-шара үшін бұл мән-жайлар аса маңызды.

Бұрын қандай жарыстар өткізілді

Осыған дейін бекітілген ережеге сәйкес, Спартакиаданың мақсаттары, салауатты өмір салтын насихаттау, адвокаттарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, адвокаттар арасындағы спорттық жарыстар дәстүрін нығайту және Қазақстан Республикасы адвокаттарының корпоративтік рухын көтеру.

Алдыңғы жылдары Спартакиада бағдарламасына спорттың 10 түрі енгізілді:

шағын футбол;

волейбол;

шахмат;

үстел теннисі;

қол күресі;

турникке тартылу;

бильярд;

100 метрге жүгіру;

арқан тарту;

16 келілік гир көтеру.

 

Жекелеген спорт түрлері бойынша жарыстар ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізілді, оның ішінде волейбол, шахмат, үстел теннисі және 100 метрге жүгіру бойынша. Алқалар қандай да бір спорт түрлері бойынша команда немесе жеке қатысушылар ұсынатынын өздері айқындауға құқылы.

Ұйымдастыру комитеті

Спартакиаданы дайындау және өткізу үшін РАА Төралқасы Ұйымдастыру комитетін құрды.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына келесілер кірді:

Мұхамедьяров Аманжол Нұрланұлы, РАА Төрағасының орынбасары;

Даубалаев Мейрбек Тілләбекұлы, РАА Төралқасы мүшесі, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы;

Узканов Руслан Ерланұлы, Астана қаласы адвокаттар алқасының төрағасы;

Крыкбаев Амангелді Серғазыұлы, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты;

Хояшев Бахтияр Серікұлы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты;

Байғазинов Әділет Танирбергенұлы, Абай облысы адвокаттар алқасының адвокаты;

Васин Вячеслав Ильич, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

Касеинов Бақыт Бакумбаевич, Абай облысы адвокаттар алқасының адвокаты;

сондай-ақ РАА аппаратының қызметкерлері.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Узканов Руслан Ерланұлы тағайындалды.

Ұйымдастыру комитетіне 2026 жылғы 4 мамырға дейін Спартакиаданы өткізу туралы ереженің жобасын дайындау тапсырылды. Жобада спорт түрлері, командалардың қатысу тәртібі, өтінім беру мерзімдері, қатысушылар құрамына қойылатын талаптар, ұйымдастыру шарттары және жарысты өткізуге қатысты өзге де мәселелер айқындалады.

Республикалық адвокаттар алқасы 2026 жылғы Спартакиада Қазақстанның бүкіл адвокаттар қауымдастығы үшін жарқын оқиғаға айналып, 10 жылдан бері адвокаттарды спорт, адал бәсеке, өзара қолдау және кәсіби бірлік рухында біріктіріп келе жатқан дәстүрдің лайықты жалғасы болады деп сенеді.