ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ БАРЫСЫНДА ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің заң көмегін көрсету саласының негізгі бағыттарын талқылауға арналған кеңейтілген отырысы өтті.
Жиын басында Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің вице-министрі Бекболат Молдабеков сөз сөйледі.
Отырыста Сарапшылар кеңесінің төрағасы, Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) провосты Сергей Пен және Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев модератор болды.
РАА төрағасы өз сөзінде адвокатура институтын дамытудың басым бағыттарын белгілеп, сотта өкілдік етуді реттеуге жүйелі көзқарас қажеттілігіне және заң көмегін көрсету тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударды.
Сергей Пен реформа бағыттарына қатысты өте нақты және салмақты ұстанымды білдіріп, саланы реттеу тәсілдеріндегі құқықтық анықтық пен сабақтастықтың маңызые атап өтті. Жиында Ресей Федерациясының Федералды адвокаттар палатасының бірінші вице-президенті Михаил Толчеев (онлайн) қазіргі уақытта Ресейде адвокатура негізіндегі сот өкілдігі саласындағы реформа туралы айтып, халықаралық тәжірибесін бөлісті.. Ұсынылған тәсілдерге қолдауды Каспий университеті Жеке құқық ҒЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі Майдан Сүлейменов те білдірді.
Республикалық заң консультанттары алқасының өкілдері – Әнуарбек Скаков пен Гүлнара Сүлейменова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты бірқатар ұсынылған шешімдерге сыни баға берді. Талқылау барысында Кеңес мүшелері өз пікірін білдірді.
Отырыс соңында Комиссия төрағасы Игорь Рогов заң көмегін көрсету саласындағы болашақ саясаттың тұжырымдамалары мен бағыттарын одан әрі нақтылау қажеттілігіне назар аударды.
Қатысушылар тақырыптық кездесулер мен дөңгелек үстелдер легі аясында Әділет министрлігінің және аумақтық адвокаттар алқаларының қатысуымен бірлескен сараптамалық жұмысты жалғастыруға дайын екенін деткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің отырысында РАА төрағасының сөзі (2025 жылғы 23 сәуір) (ciлтеме)