«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің ауыр жай-күйі туралы»
Қазақстан Республикасының Парламенті мен
Үкіметінің атына
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
Азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесі (МКБЗК) 2024 жылы жүйелі дағдарыс жағдайында болды.
Біріншіден, мемлекеттің тапсырысы бойынша әлеуметтік осал азаматтардың мүдделерін күн сайын қорғайтын адвокаттар бірнеше ай бойы орындалған жұмысы үшін ақы алмады. 2024 жылға берешек 2025 жылдың екінші тоқсанында ғана төленген Алматы және Астана қалаларында ерекше өткір жағдай қалыптасты.
МКБЗК-ге бөлінген қаражат бюджеттің қорғалған бабы болып табылмайды: бағдарлама жыл бойына үнемі қысқартылады, қайта бөлінеді немесе қалдық принципі бойынша жұмсалады. Азаматтарға заң көмегін қаржыландыру әлеуметтік басымдық ретінде қабылданбайды, өйткені бұл шығындар мемлекеттік қызметкерлердің, судьялардың немесе прокурорлардың жалақысы сияқты жалақыға теңестірілмейді. Бұл мамандық өкілдері бюджет тапшылығына қарамастан, төлемді уақтылы және толық көлемде алады.
Сонымен қатар, адвокаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабын іске асыруға байланысты конституциялық-құқықтық функцияны орындайды, бұл әрбір адамға білікті заң көмегіне құқыққа кепілдік береді. Олардың қызметі судьялардың, прокурорлардың және сот төрелігіне өзге де қатысушылардың функцияларымен тең жария-құқықтық сипатқа ие. Адвокаттар істерге қатысуға міндетті, тапсырмалардан бас тартуға құқылы емес және көптеген айлар бойы бір істі алып жүреді, сондықтан басқа тәжірибе жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Мұндай жұмыс жоғары біліктілікті, толық кәсіби қатысуды және тиісті жағдайларды қамтамасыз етуді талап етеді.
Адвокаттар қауымдастығына басқа қоғамдық-құқықтық мамандық иелеріне қарастырылған қаржыландырудың тұрақтылығы мен болжамдылығы адвокаттарға неге қолданылмайтыны түсініксіз.
Екіншіден, қолданыстағы тарифтердің мөлшері көптеген жылдар бойы негізсіз төмен болып келеді. Бұл тұрақты білікті кадрларды қалыптастыруды қиындатады.
МКБЗК жүйесінің өзі қазіргі түрінде терең институционалдық бұрмалау негізделген: азаматтардың білікті заң көмегін алуына мемлекеттік кепілдік болса да, оны нақты ұйымдастыруды, басқаруды және тіпті алдын-ала қаржыландыруды адвокаттар алқасының өзі жүзеге асырады. Құжат айналымына, байланысқа, жалға алуға, техникалық қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға арналған шығыстар адвокатураның өзі есебінен толық қамтамасыз етіледі.
Бюджет ресурстары шектеулі болғанына қарамастан, 2021 жылдан бастап жүйелі түрде МКБЗК бағдарламасына халыққа ауызша кеңес беру үшін қосымша мыңдаған заң консультанттары қосылады. Осылайша, қылмыстық қудалау орбитасында болған және қамауға алынған және бас бостандығынан айыру қаупі бар азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша төлем сомаларын көбейтудің орнына бюджеттің едәуір бөлігі азаматтар үшін онша маңыздылығы төмендеу ауызша консультацияларға қайта бөлінді. Бұл ретте ауызша консультациялардың сапасын бақылау жүйесі және консультацияға қатысушыларды верификациялау жүйесі олардың тиісінше жұмыс істеуіне күмән туғызады. Біздің ойымызша, клиентпен бетпе-бет кездесусіз және барлық қажетті құжаттармен таныспай, қашықтықтағы форматта ұсынылатын ауызша консультацияларды толық және сапалы деп санауға болмайды.
Үшіншіден, МКБЗК бағдарламасы бойынша адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің олардың процестік қарсыластарына тәуелділігі сақталады. Осы уақытқа дейін адвокаттың іске қатысу фактісі және орындалған жұмыс көлемі адвокат заңнама талаптарына сәйкес процестік тәуелсіз болуға тиіс анықтау, тергеу немесе сот органдарымен расталуға тиіс. Мұндай механизм адвокатураның тәуелсіздік қағидатына қайшы келеді және кәсіби қызметтің объективтілігі мен бейтараптығына әсер ету тәуекелдерін тудырады.
Республикалық адвокаттар алқасы еліміздің мемлекеттік органдарына МКБЗК-нің жүйелі мәселелері бойынша бірнеше рет жүгінді. Тек 2024 жылы Әділет министрлігіне 11 ресми өтініш жіберілді. Мәселе сондай-ақ Ұлттық құрылтай мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырыстарында, тақырыптық дөңгелек үстелдерде және бейінді министрлік өкілдерімен, депутаттармен және басқа да мемлекеттік органдармен ай сайынғы кездесулерде көтерілді. Мәселе 2022, 2023 және 2024 жылдардың қорытындылары бойынша адвокатураның жай-күйі туралы Ұлттық баяндамаларда да жарияландыв.
Егер мұндай жағдай жалғаса берсе, адвокаттардың – мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың кәсіби уәждемесі сөзсіз төмендейді. Міндеттер үнемі өсіп отыратын және ресурстық қолдау жеткіліксіз болып қалатын жүйе өміршең бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне үндеу жасайды: