home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТАРҒА САЛЫҚ САЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР: ЖАҢА КОДЕКСТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

АДВОКАТТАРҒА САЛЫҚ САЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР: ЖАҢА КОДЕКСТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

АДВОКАТТАРҒА САЛЫҚ САЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР: ЖАҢА КОДЕКСТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
01.02.2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды.

Кодекс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл ретте, адвокаттарға салық салуға қатысты нормалар ретроспективті түрде – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Жаңа Салық кодексінде адвокаттық қызметтің жария-құқықтық сипаты туралы тұжырымдама ескерілген. Салық кодексі адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары үшін салық салудың жеке тәртібін бекітті. Бұл шара аталған кәсіптердің әлеуметтік маңызын және олардың жеке кәсіпкерліктен айырмашылығын көрсетеді.

Бұл Адвокаттардың Республикалық алқасының Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және депутаттық корпуспен соңғы екі жылдағы конструктивті өзара әрекеттестігі арқылы мүмкін болды.

Не өзгерді?

Қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату

Адвокаттар ҚҚС төлеуші ретінде есепке қоюға жатпайды және ҚҚС төлеуден босатылады. Мұндай босату адвокаттық қызметтің жария-құқықтық сипатын тануға негізделген: ол кәсіпкерлік мақсаттарда емес, азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.

Жеке табыс салығы мөлшерлемесі төмендетілді және салықтық шегерімдер енгізіледі

Жаңа Салық кодексі адвокаттар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 9% мөлшерінде белгіледі. Бұл норма ретроспективті түрде – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Бір мезгілде айына 30 АЕК (2025 жылы 118 020 теңге) мөлшерінде стандартты салықтық шегерім енгізілді, ол растайтын құжаттарды қажет етпейді. Бұл адвокаттардың осы сомадағы гонорарлары жалпы табыс салығына салынбайды дегенді білдіреді.

Қосымша ретінде бұрын қолданылған шегерімдер де сақталады: міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналар сомасына.

Адвокаттық кеңселердегі салық салу ерекшеліктері

Жаңа Салық кодексі адвокаттық кеңсені адвокаттық қызметті ұйымдастырудың ең қолайлы ұжымдық нысаны ретінде бекітті. Клиентпен келісімшартты адвокаттық кеңсе жасайды, шоттарды адвокаттық кеңсе береді, бірақ салық салу түзу – 9% мөлшеріндегі жалпы табыс салығын клиентке көмек көрсеткен адвокаттардың өздері тікелей төлейді. Бұл шара адвокаттық кеңсенің бастапқы конструкциясы бойынша өзі заңгерлік көмек көрсетпейтінімен, үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста комиссионер ретінде әрекет ететінімен, адвокаттардың тиімді жұмысы үшін ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ететінімен байланысты. Бұл адвокаттық кеңсенің корпоративтік табыс салығын және қосылған құн салығын төлеуші емес екенін э білдіреді.

Мұндай конструкция қосарланған салық салуды болдырмайды және қазақстандық үлгіні халықаралық тәжірибеге, атап айтқанда, АҚШ-тағы General Partnership нысанында жұмыс істейтін адвокаттарға салық салуда қолданылатын тәсілге жақындатады, бұл АҚШ адвокаттық кеңселерді ұйымдастырудың ең сұранысқа ие формасы.

Бұл форма сонымен қатар адвокат-әріптестер арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартады, сондай-ақ клиенттермен және басқа контрагенттермен құқықтық және қаржылық мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Біз қабылданған өзгерістер нәтижесінде адвокаттық кеңсені білікті заңгерлік көмек көрсету кезінде адвокаттардың командалық жұмысы үшін ең сұранысқа ие форма болады деп күтеміз.

Осылайша, адвокаттарға салық салуда қабылданған өзгерістер ішкі теңгерімділікті сақтайды және кәсіптің ерекшелігін ескереді. Адвокатураға қатысты оның жария-құқықтық мәртебесін, адвокаттардың білікті заңгерлік көмек көрсету жөніндегі конституциялық миссиясын орындауын, сондай-ақ адвокаттар қызметін реттеудің ерекшеліктерін көрсететін арнайы тәсіл қарастырылған, ол Республикалық және аумақтық адвокаттар алқалары тұлғасындағы жеке реттеушілерді дербес қаржыландыру қағидаттарына негізделген.