home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ СЕМИНАРЫ: "ҚАЛАЙ СУДЬЯ БОЛУҒА БОЛАДЫ?"

ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ СЕМИНАРЫ: "ҚАЛАЙ СУДЬЯ БОЛУҒА БОЛАДЫ?"

ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ СЕМИНАРЫ:
20.10.2022

Жоғарғы Сот Кеңесі ағымдағы жылдың 4 қарашасында "Қалай судья болуға болады" тақырыбында семинар өткізеді.Онда оқуға түсу тәртібі, іріктеу кезеңдері және судьялық лауазымға орналасудың басқа да аспектілері түсіндіріледі.
ЖСК іс-шарасы судьяларды іріктеу рәсімдері туралы заңгер қауымдастығын хабардар етуге және сот жүйесіне тәжірибелі заңгерлерді тартуға бағытталған.
ЖСК осы іс-шараға 29 жасқа толған және заң мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі бар барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырады.
Семинар Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де және 17: 00-де "Zoom"қосымшасының негізінде онлайн форматта өтеді. 
Семинарға сілтеме - https://us02web.zoom.us/j/87436768285?pwd=ZUtGWldwZC83Mmw5aFVQZkpsWFJIQT09   
конференция идентификаторы-87436768285, 
кіру коды-749004.
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының байланыс тұлғасы - Момынжанова Әсел Бағдатқызы, жұмыс телефоны: 8 (7172) 75-16-36, ұялы телефоны: 8-708-656-72-79.
Айта кетейік, Жоғары Сот Кеңесі тәуелсіз мемлекеттік мекеме болып табылады, оның міндеттеріне судьялар лауазымына кандидаттарды іріктеу және судьялар лауазымына кадр резервін қалыптастыру кіреді.