Республикалық адвокаттар алқасы Абай облысында болған ауқымды орман өртін жою кезінде еліміздің азаматтарының қайғылы қазасы туралы хабарды терең қайғымен қабылдады. Олар өрттің таралуын тоқтатуға тырысып, нағыз ерлік пен жанқиярлық танытты.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.