20 тамызда Республикалық адвокаттар алқасында Румынияның Ұлттық адвокаттар одағының делегациясымен кездесу өтті. Келіссөздер адвокатураны дамытудың өзекті мәселелеріне және адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасуға арналды.
Тараптар Еуропа кеңесінің адвокат мамандығын қорғау туралы жаңа конвенциясына (CETS №226, Люксембург, 2025 жылғы 13 мамыр) ерекше назар аударды. Румын әріптестерінің ақпараты бойынша, құжатқа 15 мемлекет қол қойған, ал оны тіпті Америка Құрама Штаттары да ратификациялауды қарастырып жатыр. Бұл бастаманың жоғары халықаралық маңыздылығын көрсетеді.
РAА төрағасы Айдын Бикебаев кездесуде Қазақстан Еуропа кеңесінің мүшесі болмаса да, Конвенция мен оның ережелері қазақстандық адвокатура үшін де маңызды екенін атап өтті.
Кездесуге Румыния тарапынан — Ұлттық адвокаттар одағының делегациясы Sabin-Daniel Dragulin және Andreicut Florin, сондай-ақ Румыния Сенатындағы заң комиссиясының мүшесі, заңгерлердің сақтандыру палатасының вице-президенті Cristian-Augustin Niculescu-Țâgârlaș, Румыния елшілігінің өкілі Кармен Станчу қатысты. Қазақстан тарапынан РАА төрағасы Айдын Бикебаев, Астана қаласы адвокаттар алқасының төрағасы Руслан Өзқанов және РАА атқарушы директоры Айнаш Құдабаева қатысты.
Келіссөздер аяқталғаннан кейін румын тарапы РАА өкілдерін Румынияға шақырды.