home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Тергеу сот мәселелері бойынша кездесу

Тергеу сот мәселелері бойынша кездесу

Тергеу сот мәселелері бойынша кездесу
09.06.2023

2023 жылғы 09 маусымда Астана қалалық адвокаттар алқасында Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп «Тергеу соттарының құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қылмыстық істер жөніндегі Қылмыстық алқаның судьялары Оңғарсынова Е.М., Даулешова Г.Г., мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьялары атынан сот төрағасы Т.Н.Көпбосынова, Исаева А.И., Моисеев Г.В., Эбу А.К. қатынасты.


Сондай-ақ іс-шараға Қазақстан Республикасының Астана қаласы Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Е.Ш.Жұмақсанов қатысты.
Адвокаттар қауымы тарапынан РАА төрағасының орынбасары Вранчев И., РАА Президиумының мүшесі Құсайынова А. қатысты.


Астана қалалық адвокаттар алқасының атынан катынасқандар: адвокаттар алқасының Төралқа төрағасы Р.Е.Узканов, адвокаттар алқасының төралқа мүшелері Мақсұтов А.Қ., Куликова С.Р., Тоқаева А.Н., адвокаттар Бейсекеев Н., Дюсейкин К., Маштиева А.М., Берікбол Д., Қалиакпарова Г.С., Сұлтанова Г.С.


Дөңгелек үстел барысында тергеу сотының құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану, іс-әрекеттерге шағым жасау,  жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.


Барлық мәселелер бойынша сындарлы пікірталас өтті, жалпы қателіктер мен сот тәжірибесі айтылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсыныстар әзірленді.