Соңғы уақытта адвокатура өкілдеріне кибершабуылдар жасалуда, олардың мақсаты - азаматтардың жеке деректерін ұрлау болып табылады. Сізге РАА сайтын алаяқтар көшіріп алғаны туралы хабарлаймыз. Олар сайтымызы бірдей дерлік көшірмесін жасады, сондықтан біз сізді ерекше сақ болуға шақырамыз.
Біздің ресми сайтымызда www.advokatura.kz домендік атауы бар. Кез келген жеке ақпаратты енгізбес бұрын осы сайтта екеніңізді тексеруді ұсынамыз. Егер сіз біздің сайтқа еліктеуге тырысатын сайтты тапсаңыз, оның сілтемелерін баспаңыз немесе оған жеке ақпарат қалдырмаңыз, керісінше - «Шағым беру» түймесін басыңыз.
Біз қазірдің өзінде жалған сайттың таралуына жол бермеу және азаматтарымызды қорғау шараларын қолға алып жатырмыз.