home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Республикалық адвокаттар алқасында «Е-Заң көмегі» жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Республикалық адвокаттар алқасында «Е-Заң көмегі» жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Республикалық адвокаттар алқасында «Е-Заң көмегі» жүйесін дамыту мәселелері талқыланды
15.10.2026

Республикалық адвокаттар алқасында «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін одан әрі дамытуға арналған жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев, төраға орынбасары Аманжол Мухамедьяров, РАА атқарушы директоры Айнаш Кудабаева, РАА Президиумының мүшесі Алмас Демесинов, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Анара Сарсембаева мен Алтынай Ибраимжанова, РАА қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті басқармасының басшысы Акмор Уалиева, сондай-ақ Q19 компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесуде «Е-Заң көмегі 2.0» тұжырымдамасына және мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МГЗК) көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелеріне негізгі назар аударылды.

Талқылау барысында жүйенің адвокаттар үшін жұмыс істеуін барынша ыңғайлы ету және заң көмегін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, адвокаттарды тағайындау үдерістерін автоматтандыру, нақты көрсетілген заң көмегін есепке алу, оның құнын есептеу және төлем жүргізу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар құжат айналымын және адвокаттарға түсетін әкімшілік жүктемені азайту, сондай-ақ есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылды.

Бұдан бөлек, «Е-Заң көмегі» жүйесін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ дербес деректер мен адвокаттық құпияны қорғау мәселелері қаралды.

Жүйені дамыту ең алдымен адвокаттардың жұмысын жеңілдетуге, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үдерістерін барынша түсінікті әрі ашық етуге және көрсетілген заң көмегіне ақы төлеудің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.