home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ТРЕНЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ: АЛҚАБИЛЕР АЛҚАСЫН НЫҒАЙТУ

ТРЕНЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ: АЛҚАБИЛЕР АЛҚАСЫН НЫҒАЙТУ

ТРЕНЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ: АЛҚАБИЛЕР АЛҚАСЫН НЫҒАЙТУ
24.10.2024

2024 жылғы 23-25 ​​қазан аралығында Астана қаласында «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында тренерлер үшін тренинг өтуде. Шараны  «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры, Республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Оқытуға Ұлыбританияның халықаралық даму үкіметі қаржылай қолдау көрсетеді.

Тренингке облыстық адвокаттар алқасының 20 өкілі, Әділет академиясы мен Құқық қорғау органдары академиясының оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қатысуда. Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды алқабилермен жұмыс істеуге дайындау және әріптестері мен жас мамандарды оқытатын тренерлердің біліктілігін арттыру.

Тренинг бағдарламасы алқабилер сотымен жұмыс істеудің негізгі мәселелерін қамтиды, проблемалық және практикалық аспектілері талқыланады. Спикерлер ретінде жетекші отандық және шетелдік сарапшылар шақырылды.

РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сергей Сизинцев бірлескен ұйымдастырушы Республикалық адвокаттар алқасы өкілі ретінде қатысушыларды құттықтап, адвокаттарды алқабилер сотында жұмыс істеуге дайындаудың және кәсіби стандарттарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Оқыту Қазақстандағы алқабилер институтын дамытуға бағытталған жоба аясында судьялардың, адвокаттардың және прокурорлардың біліктілігін арттыру мақсатында өткізілуде.