home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Тлек Хамитов Республикалық адвокаттар алқасы Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып сайланды

Тлек Хамитов Республикалық адвокаттар алқасы Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып сайланды

Тлек Хамитов Республикалық адвокаттар алқасы Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып сайланды
21.11.2026

2026 жылғы 21 қарашада өткен Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясында Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) Адвокатураның тәртіптік комиссиясы төрағасының сайлауы өтті.

Делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып Тлек Нұрұлы Хамитов сайланды.

Конференция қарсаңында, 2026 жылғы 13 қарашада, РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясы төрағалығына үміткерлермен таныстыру мақсатында онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер өздерінің кәсіби тәжірибесімен және Комиссия жұмысына қатысты көзқарастарымен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тлек Нұрұлы Хамитов — Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. Бұған дейін ол Атырау облыстық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясын басқарған. 2025 жылғы 1 наурыздан бастап РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясының мүшесі болып табылады. Оның кандидатурасын Адвокатураның тәртіптік комиссиясы төрағасы лауазымына Атырау облыстық адвокаттар алқасының Төралқасы ұсынған.