ҚР Конституциясы күні қарсаңында Бурабайда Қазақстан адвокаттары арасында II Республикалық спартакиада өтіп, биылғы жаздың жарқын аяқталуына сеп болды. Жарысқа 350-ден астам адвокат қатысып, оларды жүзден астам әріптесі қолдауға келді.
Республикалық спартакиада 28 және 29 тамызда Ақмола облысының Щучинск қаласындағы "Жақсы" спорт кешенінде өтті. Бұл жолы сайысқа қатысып, бағын сынауға еліміздің барлық 17 өңірінің адвокаты ат басын тіреді. Осымен спартакиада екінші рет өткізіліп отыр. Біріншісі де 2016 жылы Бурабайда ұйымдастырылған еді. Оның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, адвокаттар арасынан мықты спортшыларды анықтау ғана емес, корпоративтік рухты көтеру.
Салтанатты сап, өз жалаулары бар командалар шеруі, еліміздің Әнұранын жанын сала орындауы, әр команданың ерекше формасы, қызу күрес, командасын барынша қолдап отырған жанкүйерлер, көңілді чирлидерлер, кәсіби төрешілер, медальдар мен кубоктар, сыңғырлаған күлкі, қуаныш пен өкініштің көз жасы, жүздерінен нұр төгілген жандар. Барлығы кәсіби спортшылардың жарыстарынан еш кем емес.
Спорттық жарыстар аясында екі күн бойы қажырлы еңбекпен, теңдессіз күш жұмсаған адвокаттар спорттың 10 түрінен жеңіске ұмтылды: 100 метрге жүгіру, шахмат, мини-футбол, волейбол, армрестлинг, турникте тартылу, арқан тартыс, бильярд, үстел теннисі және 16 кг гір көтеруден 46 марапат жиынтығы олжаға тігілді.
Қатысушылардың көпшілігі Республикалық адвокаттар алқасының есебінен жайғастырылып, қажетті мөлшерде ауыз сумен, күніне үш мезгілдік тамақпен және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Іс-шараны тиісті деңгейде қаржыландыруды үшін Республикалық адвокаттар алқасы Төралқаның шешімі бойынша үнемделген қаражатты, сондай-ақ демеушілерден түскен қаражатты пайдаланды.
Әр қатысушы сайыс өтетін жерге келгеннен кейін бірден Мандаттық комиссияның тексерісінен өтті. Спортшының тиісті аймақтық адвокаттар алқасына тиесілігін куәландыратын құжаттардағы барлық деректер тексерілді. Күмән немесе басқа даулы мәселелер туындаған жағдайда, жарыс барысында қолданылған арнайы электрондық порталдар арқылы әр адамның жеке басын тексеру мүмкіндігі де қарастырылған болатын.
Екі күндік қызу тартыстың нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті.
Екінші орынды Атырау командасы жеңіп алды.
Үшінші орынды Алматы облысының спортшылары иеленді.
Гір спортында 16 кг гірді белгіленген уақыт аралығында тұрып тұрған қалпында Шымкент қаласынан Қожабаев Күмісбек көтере алды (105 рет), 2 орынды Павлодардан Ишмаметов Дамир жеңіп алды (100 рет), 3 орынды Солтүстік Қазақстан облысынан адвокат Маликов Марат жеңіп алды (60 рет).
Үстел теннисінен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысынан келген Заварзина Дарья иеленсе, 2 орынды Павлодар облыстық адвокаттар алқасынан Тортаева Әйгерім олжалады, Алматы қаласының адвокаты Керимова Рэна кіші ракетка шебері ретінде 3 орынды иеленді.
Үстел теннисінен ерлер арасында Алматы қаласынан Идрисов Равиль үздік атанды, Павлодар қаласынан Газиев Нұрлан екінші болса, Қарағандыдан келген Тохтамысов Берік қола медальға ие болды.
Армрестлингте қарағандылық Магомед Мархиевке тең келер ешкім болмады. Ол 1 орынды иеленсе, құрмет тұғырының екінші сатысына Нұр-Сұлтан қаласынан Евгений Вожжов көтерілді. Ал Алматы қаласынан келген Дәулет Мұхатаев 3 орынды олжалады.
Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының өкілі Мазбаев Бауыржан үздік атанды, ол 12 секунд 80 миллисекундта 100 метрді бағындырды, екінші болып Қостанай адвокаттар алқасынан Бекпагамбетов Талғат жүгіріп өтті. Оның уақыт көрсеткіші 13 секунд 11 миллисекундқа тең болды. Ал Ақмола адвокаттар алқасы атынан бақ сынасқан
Жетпісбаев Арман қола жеңімпаз атанды, ол белгіленген қашықтықты 13 секунд 19 миллисекундта жүгіріп өтті. Қостанай адвокатынан небәрі 6 миллисекунд артта қалды.
100 метрге жүгіруде әйелдер арасынан үздік атанған атыраулық Молдашева Жанар 1 орынға ие болды. Ол 100 метр қашықтықты 16 секундта жүгірді. Шымкенттік Дайырбек Назерке белгіленген межеге 16 секунд 8 миллисекундта жетіп, күміс медальға қол жеткізді, ал Солтүстік Қазақстаннан Шаймерденова Әсел 17 секунд 49 миллисекундта тиісті қашықтықты жүгіріп өтіп, қола медальды еншіледі.
Қара күшті қажет ететін жеке спорт түрлеріндегі жарыстар өте қызықты, тартысты және эмоционалды болды. Мысалы, турниктегі тартылыстан жеңімпазды анықтау үшін адвокат-спортшылар екі күн бойы күш сынасты. Нәтижесінде алтын медаль атыраулық Руслан Жақыповқа (27 тартылу) , Күміс Алматы қаласынан келген Руслан Анарбековке (22 тартылу), қола жүлде Ақтөбеден келген Нұрболат Түкеевке (21 тартылу) бұйырды.
Бильярд бойынша да ең мықты адвокаттар анықталды. Бірінші орынды Алматы облысының өкілі Қасымбаев Қанат, екінші орынды қызылордалық Жаппарқұлов Дәурен, үшінші орынды Атыраудан келген Жолболов Аслан иеленді.
Командалық спорт түрлері де ерекше әсерлі болды.
Арқан тартыстан Нұр-Сұлтан қаласының командасы жеңіске жетті
2 орын қызылордалық командаға бұйырды
Үздіктер үштігін СҚО командасы қорытындылады.
Мини-футбол бойынша Алматы қаласының командасы 1 орынды жеңіп алды
2 орын Қарағанды облыстық адвокаттар алқасына бұйырды
Шешуші ойынның нәтижесі бойынша БҚО мен Шымкент қаласының командалары арасындағы үшінші орын үшін жеңімпаз пенальтиден кейін анықталды. Қола медаль Батыс Қазақстанның қоржынына түсті.
Волейболдан әйелдер арасындағы турнирде 1 орынды Атырау командасы жеңіп алды
2 орын Шығыс Қазақстан командасында
Елордалық команда кубокпен бірге қола медальді өздерімен бірге алып кетті.
Волейболдан ерлер арасында Алматы қаласының командасы 1 орынды алды,
2 орынды ақтөбелік команда жеңіп алды
3 орын Қостанайдан келген командаға бұйырды
Спартакиада адвокаттар арасында үздік шахматшыларды да анықтады. Ерлер арасындағы жарыста алтынды Алматы қаласынан келген Мурзин Марат жеңіп алды, күмісті Алматы облысынан келген Қанатов Асқар олжалады, қола жеңімпаз иесі ретінде Нұр-Сұлтан қаласынан Канафин Ербол атанды. Үздік шахматшыларды марапаттауда жеңіс тұғырына Алматы қаласы мен Алматы облыстық адвокаттар алқаларының төрағалары көтерілді. Себебі жеңімпаздардың өздері салтанатты сәтте табылмай қалды.
Әйелдер арасында шахматтан бірінші орынды Алматы облысынан Тен Дайана, екінші орынды Алматы қаласынан Гүлайдар Түсіпбаева, үшінші орынды Қарағандыдан Камила Әлімбекова жеңіп алды.
Сондай-ақ, спортшылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
Мини- футбол турнирінде төрешілер құрамының шешімі бойынша Батыс Қазақстан адвокаттар алқасынан Аминов Руслан "Үздік қақпашы" атанды
"Үздік қорғаушы" - шымкенттік Шайдозов Бақыт, "Үздік ойыншы" - қарағандылық Рожков Артем, "Үздік бомбардир" - Алматы қалалық адвокаттар алқасынан Ербосынов Айбек атанды.
Волейболдан әйелдер командалары арасында "Бағалы ойыншы" номинациясында павлодарлық Толқын Шөмшекова марапатталды, "Үздік ойыншы" атағын атыраулық Жанар Молдашева жеңіп алды. Волейболдан ерлер командалары арасында Қостанай адвокаттар алқасының мүшесі Василий Бучко "Ең бағалы ойыншы" атанды, "Үздік ойыншы" номинациясында Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Құрышбек Тәңірбергенов марапатталды.
Алматылық атлеттер жалпы саны 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медальды олжалады. Айта кетейік, Алматы қаласы биыл алдыңғы спартакиада нәтижесін қайталап отыр. Бұған дейін өткен спорттық сайыста да жеңіс Алматы қаласы спортшыларының пайдасына тиген еді. Барлық жүлдегерлер РАА төрағасы атынан Алғыс хаттармен, кубоктар және медальдармен марапатталды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, спартакиада қатысушылары адвокаттар болғандықтан, әрдайым кәсіби спортпен шұғылдана бермейді. Соған қарамастан қорғаушы мамандығының иелері сын сағатта аянып қалмайтын жандар екенін дәлелдеді. Бұл олардың физикалық қабілеттеріне, ерік-жігеріне ғана байланысты емес, рухтарының мықтылығын айғақтағандай. Барлық қатысушылар бойларындағы ең жақсы қасиеттерді көрсетті: табандылық, батылдық, командада жұмыс істей білу. Дәл осы қасиеттер оларға спортта ғана емес, кәсіби аренада да жеңістерге жетуге көмектесетіні сөзсіз.
Қазақстан адвокаттары арасындағы II республикалық спартакиада осымен аяқталды. Досқа айналған әріптеспен қоштасу оңайға соқпады. Бірақ әлі де кездесулердің болатыны һақ. Біз бұл жарыстарды дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз. Спартакиаданы өткізу кезеңділігі туралы шешімді (жыл сайын немесе екі жылда бір рет) Төралқа биыл адвокаттар алқаларының конференциясын өткізгенге дейін қабылдайды.
Республикалық адвокаттар алқасы барлық қатысушыларға, жанкүйерлерге, аумақтық адвокаттар алқаларының басшыларына алғыс білдіреді. Спартакиаданың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұрлан Қайыржанұлы Жолболовқа ерекше алғысымызды білдіреміз.
Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының алғыстарымен арнайы шақырылған судьялар да атап өтілді:
төреші-Нарушевич Анатолий Викторович
төреші-Бурмистрова Наталья Александровна
төреші-Автаева Галина Александровна
төреші-Қожабай Жамбыл Досұлы
төреші-Абылқасов Жұматай Базарұлы
төреші-Нұрпейісов Қанат Сұлтанғалиұлы
төреші-Гаврилов Виталий Петрович
төреші-Мұхаметқалиев Дархан Қадырұлы
төреші - Кузнецов Виталий Александрович
төреші - Базарбаев Қуандық Сансызбайұлы
бас төреші-Ескендіров Саян Дүйсенбайұлы
үйлестіруші-менеджер-Колков Антон Владимирович
Спартакиаданың жанкүйерлерін ерекше атап өткен жөн, олар команданы жеңіске шабыттандырып, жүректеріне шексіз жігер ұялатты.