home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
27.11.2026

2026 жылғы 27 қарашада Астана қаласында «Жаңа Конституция аясында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Жомартұлы Мырзағараев қатысты. Ол қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілетін өзгерістерді талқылауға адвокатура өкілдерінің қатысуы маңызды екенін атап өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды. Іс-шара ұйымдастырушылары ретінде сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы болды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында өткен тақырыптық сессиялар аясында адвокатура өкілдері өз баяндамаларын ұсынды:

- Игорь Олегович Вранчев («Құқықтық айқындық: қылмыстық қудалаудың шектері және қорғау құқығының кепілдіктері»). Баяндамада қылмыстық процестегі құқықтық айқындық, қылмыстық қудалаудың шектері және процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау кепілдіктері мәселелері қарастырылды.

- Салимжан Альмуратович Мусин ( «Жаңа Конституция адамға бағдарланған қылмыстық сот төрелігі моделінің іргетасы»). Баяндамада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктері және олардың қылмыстық сот төрелігі жүйесін дамытудағы маңызы сөз болды.

Конференцияға аумақтық адвокаттар алқаларының адвокаттары да қатысты.

Адвокаттар қауымы үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Олар заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға, адвокаттардың күнделікті кәсіби қызметінде кездесетін мәселелерді көтеруге және қорғау тарапының ұстанымын заңнаманы әзірлеушілерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Республикалық адвокаттар алқасы еліміздің құқықтық жүйесін дамыту және заңнаманы жетілдіру мәселелеріне қатысты кәсіби әрі сараптамалық талқылауларға қатысуды жалғастыруда.