home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Адвокатураның жоғарғы органы шақырылады

Адвокатураның жоғарғы органы шақырылады

Адвокатураның жоғарғы органы шақырылады
20.09.2022

РАА төралқасы ағымдағы жылғы 19 қарашада Астана қаласында адвокаттар алқаларының кезекті республикалық конференциясын шақыру туралы шешім қабылдады. Жоғары органның делегаттары а.ж. 23 қарашасында оның қазіргі мүшелерінің қызметінде болу мерзімінің аяқталуына байланысты РАА Төралқасының жаңа мүшелерін сайлауға тура келеді. Төралқаның жаңартылған құрамы 40 адвокаттан тұратын болады, олардың ішінде үш жаңа алқаның өкілдері болады.

Алдағы Конференцияның күн тәртібінің жобасында – РАА барлық органдарының есептерін қарау және 2023 жылға арналған РАА шығыстарының жаңа сметасын бекіту мәселелері бар. Төралқа сондай-ақ РАА-ның 10 жылдығын мерекелеуге арналған республикалық конференцияның салтанатты бөлігін өткізу туралы шешім қабылдады, оның барысында наградалар табыс етіледі.