Бүгін бейне-конференц-байланыс арқылы спортшылар қатысатын топтар мен турнирлік кестені анықтайтын Қазақстан адвокаттары арасындағы II республикалық спартакиаданың жеребесі тартылды. Жеребе тастауды жарыстың бас төрешісі С. Ескендіров өткізді. Жеребе тарту рәсімі спартакиадаға қатысатын 25-ке жуық спорт төрешілерінің атынан спартакиаданың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Н.Жолболовтың, ұйымдастыру комитетінің және РАА аппараты өкілдерінің қатысуымен өтті.
Алда өтетін спорттық шараға еліміздің 17 аумақтық адвокаттар алқасынан спортшылар қатысады. Биыл спартакиада 300-ден астам адвокаттың басын қосады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан адвокаттары арасындағы II республикалық спартакиада алдағы демалыс күндері 28 тамызда Бурабайдағы "Жақсы" спорт кешенінің спорттық нысандарында өтпек. Екі күн бойы адвокаттар спорттың он түрінен бақ сынасады. Жарыс нәтижелері РАА Фэйсбук парақшасында және ресми сайтында жарияланады.
Футбол және Волейбол (ерлер)
А тобы
1. Нұр-Сұлтан қ.;
2. Алматы облысы;
3. Ақтөбе облысы;
4. Шығыс Қазақстан облысы;
B тобы
1. Алматы қ.;
2. Жамбыл облысы;
3. Ақмола облысы;
4. Қарағанды облысы;
5. Павлодар облысы;
С тобы
1. Шымкент қ.
2. Батыс Қазақстан облысы;
3. Қызылорда облысы;
4. Түркістан облысы;
D тобы
1. Атырау облысы;
2. Қостанай облысы;
3. Маңғыстау облысы;
4. Солтүстік Қазақстан облысы.
Алғашқы екі орынды иеленген командалар плей-офф кезеңіне шығады (ширек финал, жартылай финал және финал)
Валейбол (әйелдер)
А тобы
1. Нұр-Сұлтан қ.;
2. Жамбыл облысы;
3. Павлодар облысы;
4. Ақмола облысы;
5. Ақтөбе облысы;
B тобы
1. Алматы қ.;
2. Атырау облысы;
3. Шығыс Қазақстан облысы;
4. Түркістан облысы;
5. Шымкент қ.
Басқа спорт түрлері бойынша қатысушылар жарыс алдында төрешілер анықтайтын түрлі жүйелер бойынша жарысатын болады. Спорттың үш түрі бойынша, атап айтқанда, гір көтеру, жүгіру және турникте тартылу бойынша қатысушылар кезек тәртібімен жарысады, онда жеңімпаздар мен жүлдегерлер ең аз жұмсалған уақыт немесе ең көп қайталау көрсеткіштері бойынша анықталатын болады.