home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстан адвокаттарының VII форумы серіктестерінің тізімі тағы бір командамен толықты.

Қазақстан адвокаттарының VII форумы серіктестерінің тізімі тағы бір командамен толықты.

Қазақстан адвокаттарының VII форумы серіктестерінің тізімі тағы бір командамен толықты.
14.09.2023

 

Кәсіби демеуші болып «НУР-КОКШЕТАУ» адвокаттық кеңсесі шықты.

Директоры – Жамал Жапарова, серіктес – Рашид Евниев.

Форумды ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!

  

  Біз демеушілеріміз туралы бұдан алдын осында айтқан болатынбыз:

VII Қазақстан адвокаттар форумының алғашқы серіктестері
VII Қазақстан адвокаттар форумының жаңа серіктестері
VII Қазақстан адвокаттар форумының серіктестерінің саны өсуде
Қазақстан адвокаттар VII форумының демеушілер саны көбейді
 

Форум спикерлері туралы ақпарат


Дэвид Рубино, ABA/ROLI (Америка адвокаттар (заңгерлер) қауымдастығының) Еуропалық және Еуразиялық бөлімінің аймақтық директоры, форумның спикері ретінде қатысатынын бүгін растады.

ABA/ROLI өкілі АҚШ адвокатурасы, адвокат қызметіндегі бірыңғай этикалық стандарттар, сондай-ақ адвокаттар алқасына кіру және одан шығу мәселелері туралы әңгімелейді.

Дэвид Рубино – адам құқықтары мен халықаралық консалтингке маманданған Rubino Law, LLC заң фирмасының иесі және тең құрылтайшысы. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Тәжікстан, Грузия және Армениядағы ABA/ROLI аймақтық директоры қызметін атқарды. Ол сондай-ақ 2007 жылдан 2011 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда (Әзербайжан, Грузия және Марокко) ABA/ROLI заң үстемдігі бойынша маман және ел бойынша директор болды.

Жиырма жылдан астам уақыт бойы Дэвид Рубино бүкіл әлем бойынша адам саудасының құрбандарын қорғаудан әйелдер құқықтарын қорғауға дейін халықтың осал топтарымен жұмыс істеді. Дэвид Рубино әлемді аралап, әділдік үшін күресті. 2004 жылдан бері төрт құрлықтағы көптеген елдерде құқық қорғаушыларды оқытты. Сонымен қатар, ол Нью-Йорк қаласының бәсекеге қабілетті заң саласында жұмыс істеді, елдегі ең жақсы заңгерлерден үйреніп, олармен бірге жұмыс істеді.

Дэвид Рубино өзінің даму мансабында бүкіл Еуропадағы заң үстемдігі бағдарламаларымен жұмыс істеді. Нью-Йорктегі ұлттық сараптама орталығында ол ұлттық дауыс беру құқығы және сайлау заңнамасы мәселелерімен жұмыс істеді.

Қазақстан адвокаттар форумының VII форумының спикерлері туралы айдарды жалғастырамыз.

Форум бағдарламасын https://www.kfa.kz/ сайтынан көре аласыздар.