«Мықты адвокатура – құқықтық мемлекет тірегі» VII Қазақстан адвокаттар форумының алғашқы серіктестерінің қатарына жаңа демеушілер қосылды.
|
«Defence & Counsellor» адвокаттық кеңсесі - негізін қалаушы Вячеслав Филатов мен Ертай Акылбеков – VII Қазақстан адвокатары форумының Бас кәсіби серіктестерінің тізіміне қосылды. |
|
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Карлыгаш Мырзаханова да адвокаттар форумына қолдау көрсетуге ниет білдіріп, форум Серіктесі болды. |
|
«АСАТ» адвокаттық кеңсесі - негізін қалаушы және директоры Ашурбек Ашурбеков - VII Қазақстан адвокатары форумының тағы бір Бас кәсіби серіктесі болды. |
Қазақстан адвокаттарының VII форумы жарияланған күннен бастап он күн ішінде бізге 9 демеуші қолдау көрсетті, оның 5 – Бас кәсіби серіктестер, 4 – серіктестер.
Жаңа серіктестерімізге қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Сіздердің қазақстандық адвокаттар қауымдастығына көрсеткен белсенді және сөзсіз нақты қолдауыңыз жоғары құрметке ие.
Форумға бір айдан сәл астам уақыт қалды. Демеушілер тізімі толығып, Қазақстан адвокаттарының VII форумын жоғары деңгейде өткіземіз деп сенеміз.