Құрметті адвокаттар!
Республикалық адвокаттар алқасы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Адвокатура күнімен құттықтайды!
Бұл күн әркімнің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жақтайтын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ететін қоғамдық-құқықтық институты ретінде адвокатураның маңыздылығы жайында еске салады.
Қазақстанның адвокатурасы әрбір адамның заңды мүдделерін жауапкершілікпен және адалдықпен қорғауға дайын кәсіпқойларды біріктіре отырып, әділет жүйесінде маңызды орынға ие.
Сіздің миссияңызды орындаудағы кәсібилігіңіз, адалдығыңыз және өз ісіңізге бей-жай қарамайтындығыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздің қызметіңіз мемлекет, қоғам және азаматтар тарапынан әрқашан жоғары бағалансын.
Құрметпен және ризашылықпен,
Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы