home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Қазақстандық адвокатура күні құтты болсын!

Қазақстандық адвокатура күні құтты болсын!

Қазақстандық адвокатура күні құтты болсын!
05.12.2022

Құрметті адвокаттар! 

Республикалық адвокаттар алқасы Сіздерді кәсіби мереке - адвокатура күнімен құттықтайды! 

Егемен Қазақстан тарихында қазақстандық адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің демократиялық қағидаттары, сондай-ақ адвокаттық қызметтің кепілдіктері заң жүзінде алғаш рет 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді. Осыған байланысты 2022 жылғы 18 сәуірде Республикалық алқаның Төралқасы бұл күнді адвокатура күні деп белгіледі.

Жиырма бес жыл бұрын адвокаттардың өз қызметін жүзеге асырудағы тәуелсіздігі және құқық қорғау органдары мен басқа да органдардың қазақстандық адвокаттардың қызметіне араласуына жол берілмеуі арнайы заңмен реттелді, ол посткеңестік кеңістікте бірінші қабылданған сондай заң болды.
Заң Қазақстан адвокатурасының негізгі мақсаты – Конституциямен кепілдік берілген адамның құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруда мемлекетке жәрдемдесуді айқындады. 
Адвокатура мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің басты субъектісіне айналды.

Өздеріңіз білетіндей, заңнамада кәсіби мерекелер – түрлі сала қызметкерлерінің күндері қарастырылған. Осылайша, прокуратура, әділет органдарының, әлеуметтік қорғау, статистика органдарының және т.б. күндері белгіленді. Кәсіби мерекелерді белгілеудің мақсаты қазақстандық патриотизм мен кәсіби мақтанышқа тәрбиелеу болып табылады. Өкінішке орай, кәсіби мерекелердің үкіметтік тізімінде адвокатура күні әлі енген жоқ, бірақ бұл азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесінің өзегі ретінде танылған адвокатура институтының айтулы күнін атап өтуге кедергі болмайды.

Құрметті әріптестер, сіздердің қызметтеріңіз қоғамдағы әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың жұмысында құқықтық нормаларды іске асырудың тұрақты тетігін құруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Адвокатураның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін соңғы жылдары жасаған барлық істерін асыра бағалау мүмкін емес. Сіздерге Құқыққа қызмет етудегі ұлы істе табандылық пен адалдық, жаңа кәсіби табыстар тілейміз. Әрдайым мықты денсаулық, бейбітшілік, бақыт пен әл-ауқат болсын.

Қазақстандық адвокатура күні құтты болсын!