home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАA: 17.04.23 - 28.04.2023 КЕЗЕҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 17.04.23 - 28.04.2023 КЕЗЕҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 17.04.23 - 28.04.2023 КЕЗЕҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
28.04.2023

РАA: 17.04.23 - 28.04.2023 КЕЗЕҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

18 сәуірде РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысты.

 

20 сәуірде РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ пен РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ Алматыда  өткен Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы заң үстемдігі» бірлескен бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын Еуропа Кеңесінің «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар мен озық тәжірибе» жобасы аясында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияның мақсаты қатыгездік пен азаптау істерін тергеуге қатысты негізгі мәселелерді, сондай-ақ осы мәселені шешудегі түрлі мемлекеттік органдардың рөлін қорытындылау болады. Атап айтқанда, басты назар прокурорларға және/немесе тергеу органдарына, судьяларға және ұлттық адам құқықтарын қорғау институттарына, соның ішінде Ұлттық алдын алу тетіктерінің бөлігі болып табылатындарға аударылады.

24 сәуірде адвокатураның тәртіптік комиссиясы:

- Ақмола облыстық адвокаттар алқасы Тәртіптік комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы адвокат С.Д.-ға қатысты қаулысының күші жойылды және адвокаттың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты адвокат С.Д.-ға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату туралы жаңа шешім қабылданды.

26 сәуірде адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелерін реттейтін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша РАА басшылығы мен аймақтық алқа төрағалары арасында кездесу өтті.

27 сәуірде РАА Төрағасы Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында келесі нормативтік құжаттардың жобаларын қарауға қатысты:

1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары, баяндамашы – Ғылым және жоғары білім министрлігі);

2. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары, баяндамашы – Ғылым және жоғары білім министрлігі);

3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру (әзірлеуші – Ұлттық экономика министрлігі);

4. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру (әзірлеуші – Қаржы министрлігі).

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 75 хаттарды, сонымен қатар 35 шағымдар мен өтініштерді құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.