home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА: 30.01.23 - 04.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 30.01.23 - 04.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАА: 30.01.23 - 04.02.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
04.02.2023

30 қаңтарда РАА Президиумы:

- адвокаттар қызметінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына байланысты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтардың жобасын мақұлдады;

- РАА Төралқасының отырыстарын бейнеконференция режимінде өткізу тәртібіне қатысты мәселелер бөлігінде РАА Төралқасының регламентіне толықтырулар енгізді;

- Павлодар облыстық алқасы төралқасының мүшесіне және РАА Төралқасы мүшесіне қатысты шағымды қараусыз қалдырды;

- аумақтық адвокаттар алқасы президиумының төрағасына жалпы жиналысты шақыру бойынша жұмысты дереу жүргізу тапсырылды.

 

31 қаңтарда РАА төрағасы және РАА атқарушы директоры HELP жобасының (Human Rights Education for Legal Professionals) Орталық Азиядағы өкілдері С.Дикман және К.Хохловамен адам құқықтарының халықаралық стандарттарын тиімді енгізу мәселелері бойынша кездесті.

 

2 ақпанда РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтың төрағалығымен өткен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

 

3 ақпанда РАА Төрағасы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі алқасына 2022 жылдың қорытындысы бойынша отырысына қатысты.

 

4 ақпанда Республикалық адвокаттар алқасы бастамасымен Алматы қалалық адвокаттар алқасымен қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот ұйымдастырған вебинар өткізілді, онда конституциялық іс жүргізудің өзекті мәселелері қаралды.

 

РАА төрағасы адвокаттар және азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді.

 

Өткен аптада РАА -да кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 63 хатты құрады, оның ішінде 17 арыз-шағым. Барлық сұраулар өңделуде.