home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАA: 27.02.23 – 03.03.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 27.02.23 – 03.03.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ

РАA: 27.02.23 – 03.03.2023 АПТА НӘТИЖЕЛЕРІ
03.03.2023

27 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты. Қоғамдық кеңес Әділет министрлігіне 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына Қазақстан адвокатурасын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру заң жобасын енгізуді қарастыруды ұсынды.

3 наурызда РАА төрағасы Айдын Бикебаев Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның құрамында селекциялық жетістіктер мен тұқым шаруашылығын қорғау мәселелерін реттеу туралы заң жобасына Үкіметтің қорытынды жобасын қарауға қатысты, сонымен қатар, квазимемлекеттік секторды дамыту туралы заң жобасын қарауына қатысты.

3 наурызда РАА төрағасы Айдын Бикебаев, төрағаның орынбасары Игорь Вранчев, ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, атқарушы директор Айнаш Ракимова Конституциялық Сотқа келесі үш мәселе бойынша шағымдану бойынша РАА-ның Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініштерінің жобасын талқылады:

1. Адвокаттардың ноутбуктарды, телефондарды және басқа да техникалық құралдарды пайдалану құқығымен құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарына кіруіне байланысты бұзушылықтар.

2. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға қол жеткізуіне байланысты бұзушылықтар.

3. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінде адвокаттардың клиенттермен кездесулерін қамтамасыз етуге байланысты бұзушылықтар.

Өткен аптада РАА-ға келіп түсткен кіріс/шығыс хат-хабарларының саны 28 хатты құрады, сонымен қатар 27 арыз-шағымдар мен өтініштер. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА төрағасы мен төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.